Басты бетҚостанайдағы жұмыс сапары аяқталды: 13 операция, 28 дәрігерлік кеңес, 17 дәріс

Қостанайдағы жұмыс сапары аяқталды: 13 операция, 28 дәрігерлік кеңес, 17 дәріс

Қостанайдағы жұмыс сапары аяқталды: 13 операция, 28 дәрігерлік кеңес, 17 дәріс Қостанайдағы жұмыс сапары аяқталды: 13 операция, 28 дәрігерлік кеңес, 17 дәріс Қостанайдағы жұмыс сапары аяқталды: 13 операция, 28 дәрігерлік кеңес, 17 дәріс Қостанайдағы жұмыс сапары аяқталды: 13 операция, 28 дәрігерлік кеңес, 17 дәріс Қостанайдағы жұмыс сапары аяқталды: 13 операция, 28 дәрігерлік кеңес, 17 дәріс Қостанайдағы жұмыс сапары аяқталды: 13 операция, 28 дәрігерлік кеңес, 17 дәріс Қостанайдағы жұмыс сапары аяқталды: 13 операция, 28 дәрігерлік кеңес, 17 дәріс Қостанайдағы жұмыс сапары аяқталды: 13 операция, 28 дәрігерлік кеңес, 17 дәріс

Қостанай облысында жалғасын тапқан «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы күндері» жобасында ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының білікті дәрігерлері өңір тұрғындарына 13 операция жасап, 28 дәрігерлік кеңес көрсетті және облыстағы әріптестеріне тәжірибе алмасу мақсатында 17 дәріс оқыды.

Атап айтқанда, ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының хирургия бойынша орынбасары, жоғары санатты нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев 8 өңірлік дәрігер және 3 операциялық мейірбикенің қатысуымен 2 күрделі операцияны сәтті жасап шықты. Бұдан бөлек өңірдің 9 тұрғыны нейрохирургтің қабылдауында болып, мазалаған сырқатына дәрігерлік кеңес алды.

Эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты эндоскопист дәрігер Арсен Түсіпбаев эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография әдісімен 4 науқасқа операция жасап, 3 өңір тұрғынын қабылдады. Сондай-ақ эндоскопист дәрігер 12 өңірлік әріптестің қатысуымен үш дәріс оқып, бір презентация жасады.

ҚР ПІБ МО ауруханасы Аритмология бөлімшесінің меңгерушісі, бас аритмолог, профессор Аян Әбдірахманов 7 науқастың жүрек қантамырына күрделі операцияны сәтті аяқтады. Оның ішінде Рудный қаласында алғаш рет Гис түйінінің сол аяқшасына екікамералы кардиостимулятор импланты қойылған 4 операцияны ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар 15 өңір тұрғыны бас аритмологтің қабылдауында болып, дәрігерлік кеңес алып үлгерді.

ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева, Клинико-фармакологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Алтын Нұрпейісова, Дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының меңгерушісі Гүлшара Әбілдина және аурухананың бас онкологі, медицина ғылымдарының кандидаты Назар Сейдалин және Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты анестезиолог дәрігер Бауыржан Бабашев барлығы 235 өңірлік әріптеске ауруларды алдын алуда диагностикалау, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу, заманауи әдістерімен бөлісу мақсатында 17 дәріс оқыды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытындағы сапарда ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы және облыс әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.