Басты бетҚостанайдағы жұмыс сапарының екінші күні: 8 операция, 9 дәрігерлік кеңес, 9 дәріс

Қостанайдағы жұмыс сапарының екінші күні: 8 операция, 9 дәрігерлік кеңес, 9 дәріс

Қостанайдағы жұмыс сапарының екінші күні: 8 операция, 9 дәрігерлік кеңес, 9 дәріс Қостанайдағы жұмыс сапарының екінші күні: 8 операция, 9 дәрігерлік кеңес, 9 дәріс Қостанайдағы жұмыс сапарының екінші күні: 8 операция, 9 дәрігерлік кеңес, 9 дәріс Қостанайдағы жұмыс сапарының екінші күні: 8 операция, 9 дәрігерлік кеңес, 9 дәріс Қостанайдағы жұмыс сапарының екінші күні: 8 операция, 9 дәрігерлік кеңес, 9 дәріс Қостанайдағы жұмыс сапарының екінші күні: 8 операция, 9 дәрігерлік кеңес, 9 дәріс Қостанайдағы жұмыс сапарының екінші күні: 8 операция, 9 дәрігерлік кеңес, 9 дәріс

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Қостанай облысындағы сапардың екінші күнін сәтті қорытындылады.

Атап айтқанда, Эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты эндоскопист дәрігер Арсен Түсіпбаев өт жолы мен ұйқы безі ауруларына қатысты эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография әдісімен 4 науқасқа операция жасады. Сондай-ақ 3 өңір тұрғыны дәрігер қабылдауында болып үлгерді. Эндоскопист дәрігер 12 әріптесіне тәжірибесімен бөлісетін үш дәріс оқып, бір презентация жасады.

ҚР ПІБ МО ауруханасы Аритмология бөлімшесінің меңгерушісі, бас аритмолог Аян Әбдірахманов 4 науқастың жүрек қантамырына күрделі операцияны сәтті аяқтады.

Ал жоғары санатты нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев 5 тұрғынды қабылдап, дәрігерлік кеңес жүргізді.

ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева және ҚР ПІБ МО ауруханасы Клинико-фармакологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Алтын Нұрпейісова Қостанай облысындағы түрлі ауруханалардан жиналған 42 әріптеске облыстық ауруханада дәріхананы орталықтандыру және дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалану бойынша шеберлік сабағын өткізді. Бұдан бөлек, 38 медицина қызметкеріне сепсис пен антибиотикке төзімділіктің микробқа қарсы терапиясы бойынша дәріс оқыды. Жиын соңында Алтын Нұрпейісова клиникалық дәрі-дәрмек маманына күрделі жағдайлар бойынша кеңес берді.

ҚР ПІБ МОА Дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының меңгерушісі Гүлшара Әбілдинаның «Генетикалық патологияны диагностикалаудың заманауи әдістері» тақырыбындағы таныстырылымына 25 адам қатысты. Сонымен қатар Гүлшара Әбілдина «Таргетті препараттарды іріктеу үшін онкологиялық аурулар кезіндегі генетикалық зерттеулер» тақырыбында, ҚР ПІБ МОА бас онкологі, медицина ғылымдарының кандидаты Назар Сейдалин «Сүт безі обыры мен меланома кезіндегі күзет лимфотикалық түйіндердің биопсиясы» тақырыбында оқыған дәріске облыстың 20 дәрігері қатысты. Дәрістен кейін генетик Гүлшара Әбілдинова генетикалық патологиясы бар күрделі науқасқа кеңес берді.