«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК Спорттық медицина орталығы — ірі буындарда артроскопиялық операциялар жасауға маманданған Қазақстандағы жетекші орталықтардың бірі. Артроскопия - бұл дәрігерлерге артроскоп деп аталатын арнайы құралдың көмегімен буындардың зақымдануын визуализациялауға және емдеуге мүмкіндік беретін аз инвазиялы хирургиялық емшара.
Тізе, иық, шынтақ немесе ұршықбуын сияқты ірі буындарға артроскопиялық операция жасау дәстүрлі ашық операцияларға қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие. Олардың кейбіреулері:
1. Аз инвазиялы: Артроскопия артроскоп пен басқа құралдарды енгізетін кішкене кесулерді ғана қажет етеді. Бұл асқыну қаупін төмендетеді, травманы азайтады және пациенттің тез қалпына келуіне ықпал етеді.
2. Дәл диагностика: Артроскоп дәрігерлерге буын құрылымдарын нақты уақыт режимінде жан-жақты визуализациялауға мүмкіндік береді. Бұл ауырсынудың немесе қозғалыс шектеулерінің себебін дәл анықтауға және анағұрлым тиімді ем жоспарлауға көмектеседі.
3. Хирургиялық мүмкіндіктердің әртүрлілігі: Артроскопиялық хирургия дәрігерлерге әртүрлі емшара жүргізуге, соның ішінде зақымдалған байламдарға пластика жасауға, бос денелер мен зақымдалған шеміршек тіндерін алып тастауға, буын қабынуы мен инфекцияларын емдеуге мүмкіндік береді.
4. Тез оңалту: Аз травма мен инвазиялықтың арқасында артроскопиялық операция жасатқан пациенттердің қалпына келу уақыты әдетте қысқа болады және аз мерзімде спорт жаттығуларына қайта орала алады.
Спорттық медицина орталығының басшысы
Асқар Тұрсынұлы Баймұхаметов
Травматолог-ортопед дәрігер
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 19 жыл