ҚР ПІБ МО ауруханасында Қалпына келтіру емі және оңалту орталығының негізінде Шығыс медицинасы: инерефлексотерпия, су-джок терапиясы, оңқамен емдеу (вакуумдық терапия), оңқамен уқалау, моксотерапия, хирудотерапия қызметтері көрсетіледі.
Инерефлексотерпияны (инемен емдеу) тәжірибелі инерефлексотерапевт және гирудотерапевт (сүлікпен емдеу) дәрігері, халықаралық Пекин медициналық университетінің түлегі, Бейжің қаласындағы беделді ауруханада жеті жылдық жұмыс тәжірибесі бар Қытай дәстүрлі терапия университетінің магистранты Сания Искакова көрсетеді. Сондай-ақ дәрігер қытай, ағылшын тілдерін жетік біледі.
Инерефлексотерпия – бұл дәстүрлі қытай медицинасынан келген емдеу түрі. Белсенді нүктелер арқылы акупунктуралық инемен дененің негізгі өткізгіш және басқару жүйелеріне әсер етуге болады. Биологиялық белсенді нүктелер адам ағзасында мыңнан асатын тамыр мен жүйке ұштары ең көп аймақтарда орналасқан. Белгілі бір нүкте нақты дене мүшесімен және ағза жүйесімен байланысты.
Науқастың шағымы мен оның денсаулығын бағалау барысында ине әсер ететін нүктелер тобы анықталады, осылайша акупунктура нүктелерінің бірегей жиынтығымен әр науқасқа жеке емдеу тәсілі қолданылады.
Инемен емдеуге болатын аурулардың ауқымы өте кең:
1. Тыныс алу жүйесінің аурулары – жедел және созылмалы бронхит. Тіпті бронх демікпесі сияқты қауіпті ауру да өте жақсы емделеді. Жалпы ине бронх демікпесін емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі болып саналады.
2. Жүрек-қантамырлары аурулары. Бұл ауыр дерт болып саналады, бірақ олармен инемен емдеу арқылы күресуге болады. Яғни инемен емдеу жоғары және төмен қан қысымында, стенокардияда, нейроциркуляторлық дистонияда тиімді.
3. Ас қорыту жүйесі аурулары. Биологиялық белсенді нүктелерге әсер ету арқылы гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, колит, ішек шаншуы, бауыр мен өт қабының аурулары, ұйқы безінің аурулары жақсы емделеді. Нәтижесінде тәбет қалыпқа келеді, тағамның қорытылуы жақсарады, іштің ауыруы жоғалады.
4. Жүйке жүйесінің аурулары. Инемен емдеу тәсілі әсіресе ұйқысыздық, жүйке жұқару, остеохондроз, радикулит, әртүрлі ауырсыну синдромдары, қол мен аяқтардың ұюы кезінде тиімді қолданылады. Бас ауруы, бас айналу жақсы емделеді.
5. Бүйрек және қуық аурулары. Пиелонефрит, гломерулонефрит, цистит, ауырсыну және жиі зәр шығару жақсы емделеді. Инемен емдеу сеанстарының әсерінен бүйрек құмнан тазартылады, яғни несеп-тас ауруының алдын алуға болады.
6. Құлақ, тамақ, мұрын аурулары. Жедел және созылмалы мұрының бітуін, гайморит, есту қабілетінің төмендеуін, құлақтың шуылын, құлақтың ауырсынуын, мұрыннан қан кетуді, тамақ ауруын тиімді емдейді.
7. Тері аурулары. Инемен емдеу әдісі нейродермит, есекжем, терінің қышуы сияқты ауруларда сәтті қолданылады.
8. Буын аурулары. Инемен емдеу полиартрит, пішінін өзгертетін артроз, тұз байлану ауруы, Деформацияланатын артроз, подагра кезіндегі жанға батқан ауырсынуды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде ауырсыну азаяды және буындардағы қозғалыс көлемі артады.
9. Гинекологиялық аурулар. Көбінесе акупунктура аналық бездің қабынуы мен ауыруы, етеккір циклінің бұзылуы, эндометрит сияқты гинекологиялық ауруларды емдеуге көмектеседі.
10. Аллергиялық аурулар. Қазір өте кең таралған аллергиялық ауруларға инемен емдеу әдісі жақсы әсер етеді. Яғни мұрыннан су ағу, есекжем, аллергиялық конъюнктивит және басқа аллергиялық ауруларды атауға болады.