Басты бетРоботталған хирургия

Роботталған хирургия

Роботталған хирургия Роботталған хирургия Роботталған хирургия

Роботталған хирургия – қазіргі уақытта абдоминалды хирургия, урология, гинекология, нейрохирургия, онкология және т.б. сияқты медицина салаларында аса күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік беретін заманауи технологиялардың жетістігі.

Роботталған эндоскопиялық хирургия технологиясы эндоскопиялық хирургия мен құралдарды басқарудың роботталған бақылауының симбиозы болып табылады.

Робот-ассисттелген лапароскопиялық хирургияның негізгі артықшылықтары: операциялық өрісті үшөлшемді бақылау және операция жасалатын ағзаларды бірнеше есе ұлғайту; хирургтың қолының дірілін болдырмауға арналған бағдарлама; жоғары технологиялық жабдықтың көмегімен дәл манипуляциялар және хирургиялық құралды 360 градусқа бұру мүмкіндігімен хирургтың барлық қимылдарын дұрыс масштабтау; үлкен кесулердің қажет етпейді және пациент операциядан кейін тез қалпына келеді; бүйрек функциясын ерте қалпына келтіру; зақымданудың немесе үлкен қан жоғалтудың минималды қаупі; пациенттің стационарда болу уақытын азайту; операциядан кейін қатты ауырсынудың болмауы және эстетикалық жағынан ең маңыздысы – тыртықтар аз болады.

Аурухананың робот-ассисттелген операциялар бойынша хирургиялық белсенділігі айына 18-20 операцияны құрайды, бұл басқа ұқсас орталықтармен (Флорида, Орландо, Майами, Жаңа Орлеана, Чикаго, АҚШ; St. Marien-Krankenhaus клиникасы, Зиген қ., Германия; Максима клиникасы, Эйнтховен қ., Голландия; Сент-Этьен ауруханасы, Франция; «Беларусь Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Республикалық клиникалық медициналық орталығы» ММ, Минск қ., Беларусь; Өскемен, Қазақстан) салыстырғанда жоғары көрсеткіш.

Бүгінгі таңға дейін ҚР ПІБ МО ауруханасында Senhance Asensus роботталған жүйесін қолдана отырып (хирургия, гинекология, урология) 860 операция жасалды.