Басты бет › Қабылдау бөлімшесі

Қабылдау бөлімшесі

Бөлімше туралы

«ҚР ПІБ МО ауруханасы» ШЖҚ РМК қабылдау бөлімшесі негізгі емдеу корпусының А3 блогының 1-қабатында орналасқан және пациенттерді жоспарлы және шұғыл тәртіппен стационарлық бөлімшелерге госпитализациялайды. Бөлімшеде тіркеу орны, емшара кабинеті, хирургтің қарау кабинеті, пациентті бақылау палаталары, сондай-ақ жұқпалы ауруларға күдікті науқасты оқшаулау үшін бокс қарастырылған. Қалған орынжайлар – қосалқы.

Стационардағы қабылдау бөлімшесі алғашқы диагноз қоюда, жағдайдың ауырлық дәрежесін анықтауда және науқасты госпитализациялау қажеттілігін шешуде маңызды рөл атқарады. Госпитализация көрсетілімдері білікті, мамандандырылған медициналық көмек көрсету және тәуліктік медициналық бақылаумен жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету қажеттілігі болып табылады. Қысқа уақыт ішінде дәрігер симптомдарды бағалап, науқасқа тексеру жүргізіп, диагнозды тез анықтау үшін аз ғана диагностикалық емшаралар тағайындауы тиіс. Қысқа мерзімде сауығуға әкелетін дұрыс диагноз және тиімді емдеу – қазіргі уақытта тек денсаулық сақтау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар пациенттердің де талабы.

Бөлімшенің жабдықталуы: ЭКГ, дефибриллятор, перфузор, ингаляцияға арналған аппарат - небулайзер, бақылау мониторлары, ҚТП есебінен төсектер, таразы, бой өлшегіштер, тонометрлер, глюкометр. Жүрек-өкпе реанимациясы, кезек күттірмейтін көмек көрсетуге арналған жиналмалы сөмке, АҚИ (аса қауіпті инфекция) жағдайында жұмыс істеуге арналған жиналмалы сөмке бар. Пациенттерге кезек күттірмейтін көмек көрсету үшін - бір рет қолданылатын шприцтер мен системалар жиынтығы, стерильді аспаптар, ерітінділер, дәрі-дәрмектер.

Бөлімше қызметтері

  • Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жолдамалары бойынша госпитализацияланатын науқастарды стационарлық емдеуге қабылдау (жоспарлы госпитализация)
  • Шұғыл көрсетіліммен госпитализацияланған науқастарға, сондай-ақ кейіннен госпитализацияланбайтын амбулаториялық науқастарға уақытылы және білікті медициналық көмек көрсету
  • ТМККК шеңберінде және шаруашылық есеп бойынша мамандандырылған көмек пен жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін ҚР өңірлерінен келген пациенттерді жайлы және жедел жоспарлы госпитализациялауды қамтамасыз ету


«ҚР ПІБ МО ауруханасы» РМК L блогының 1-қабатында орналасқан қабылдау бөлімшесі терапиялық бейін бойынша пациенттерді 7 терапиялық емдеу бөлімшесіне госпитализациялайды. Бөлімшеде тіркеу орны, емшара кабинеті, терапевт, кардиологтың пациенттерді тексеру кабинеттері бар, сондай-ақ жұқпалы ауруға күдікті науқасты оқшаулау үшін бокс қарастырылған. Қалған орынжайлар – қосалқы.

Бөлімшенің жабдықталуы: ЭКГ, дефибриллятор, перфузор, ингаляцияға арналған аппарат - небулайзер, бақылау мониторлары, ҚТП есебінен төсектер, таразы, бой өлшегіштер, тонометрлер, глюкометр. Жүрек-өкпе реанимациясы, кезек күттірмейтін көмек көрсетуге арналған жиналмалы сөмке, АҚИ (аса қауіпті инфекция) жағдайында жұмыс істеуге арналған жиналмалы сөмке бар. Пациенттерге кезек күттірмейтін көмек көрсету үшін - бір рет қолданылатын шприцтер мен системалар жиынтығы, стерильді аспаптар, ерітінділер, дәрі-дәрмектер.

Бөлімше қызметтері

  • Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жолдамалары бойынша госпитализацияланатын науқастарды стационарлық емдеуге қабылдау (жоспарлы госпитализация)
  • Шұғыл көрсетіліммен госпитализацияланған науқастарға, сондай-ақ кейіннен госпитализацияланбайтын амбулаториялық науқастарға уақытылы және білікті медициналық көмек көрсету
  • ТМККК шеңберінде және шаруашылық есеп бойынша мамандандырылған көмек пен жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін ҚР өңірлерінен келген пациенттерді жайлы және жедел жоспарлы госпитализациялауды қамтамасыз ету


Бөлімше дәрігерлері

Молдабекова РО.jpg  Молдабекова Раушан Оразбековна      
  Меңгеруші
  Жоғары санатты дәрігер
  Еңбек өтілі 30 жыл   
   









    


Жумабаев ДТ_.jpg  Жумабаев Донай Тулебаевич        
  Дәрігер-хирург  
  Жоғары санатты дәрігер
  Еңбек өтілі 32 жыл       













Иманжанов ЖС.jpg  Иманжанов Жаныбек Сериканович        
  Дәрігер-хирург  
  Жоғары санатты дәрігер
  Еңбек өтілі 33 жыл         













Бодыкова СС_.jpg  Бодықова Сырсұлу Сәрсенбайқызы       
  Дәрігер-координатор  
  Екінші санатты дәрігер
  Еңбек өтілі 5 жыл         













Шакирова Еркежан Асылхановна.jpg  Шакирова Еркежан Асылхановна
  Дәрігер-кардиолог
  Екінші санатты дәрігер
  Еңбек өтілі 8 жыл













  Алдешова Фарида
  Дәрігер-терапевт
  Еңбек өтілі 31 жыл