Басты бетҚР ПІБ МО ауруханасының аутоиммунды аурулар орталығы: пациенттерді диагностикалау мен емдеуге дер...

ҚР ПІБ МО ауруханасының аутоиммунды аурулар орталығы: пациенттерді диагностикалау мен емдеуге дербестендірілген тәсіл

ҚР ПІБ МО ауруханасының аутоиммунды аурулар орталығы: пациенттерді диагностикалау мен емдеуге дербестендірілген тәсіл ҚР ПІБ МО ауруханасының аутоиммунды аурулар орталығы: пациенттерді диагностикалау мен емдеуге дербестендірілген тәсіл ҚР ПІБ МО ауруханасының аутоиммунды аурулар орталығы: пациенттерді диагностикалау мен емдеуге дербестендірілген тәсіл ҚР ПІБ МО ауруханасының аутоиммунды аурулар орталығы: пациенттерді диагностикалау мен емдеуге дербестендірілген тәсіл ҚР ПІБ МО ауруханасының аутоиммунды аурулар орталығы: пациенттерді диагностикалау мен емдеуге дербестендірілген тәсіл ҚР ПІБ МО ауруханасының аутоиммунды аурулар орталығы: пациенттерді диагностикалау мен емдеуге дербестендірілген тәсіл

ҚР ПІБ МО ауруханасының Аутоиммунды аурулар орталығы 2023 жылғы қаңтарда аурухананың №5 терапия бөлімшесінің базасында ұйымдастырылды. Орталық аутоиммунды ревматологиялық және нефрологиялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған көмек көрсетеді. Ол үшін 14 ревматологиялық және 6 нефрологиялық, сондай-ақ терапевтік бейіндегі 10 төсек жұмыс істейді.

Орталық ревматологиялық аутоиммунды аурулармен, буындардың дегенеративті ауруларымен; бүйрек патологиясымен, оның ішінде гломерулярлық аурулармен ауыратын науқастарға диагностикалық, емдік көмек көрсетеді; контрастты индукцияланған нефропатияның дамуының алдын алу әдістерін қолдана отырып, бүйрек қызметі төмендеген пациенттерге; терапевтік бейіндегі пациенттерге, оның ішінде кең спектрді пайдалана отырып, диагностиканың зертханалық және аспаптық әдістерін қолдану арқылы коморбидті жағдайларда контрастты зерттеулер жүргізеді. Диагностикада аспаптық зерттеулерден басқа, орталық дәрігерлері бүйрек биопсиясы, тері астындағы май, тері жамылғысы, тоқ ішектің шырышты қабаты сияқты зерттеу түрлерін қолданады.

Орталықта Ресей, Израиль, Түркия клиникаларында үздіксіз оқитын білікті ревматолог, нефролог және терапевт мамандар жұмыс істейді.

Жарты жылдық жұмыс барысында Орталық дәрігерлерімен 106 амбулаториялық қабылдау жүргізілді. Стационар жағдайында ревматологиялық аутоиммунды және гломерулярлы аурулары бар 247 пациент емделді.

ҚР ПІБ МО ауруханасының Аутоиммунды аурулар орталығы жұмысының маңызды ерекшелігі әр пациентті диагностикалау мен емдеуге мультидисциплинарлық, дербестендірілген тәсілді пайдалану болып табылады.