Мемлекеттік қызметшілер үшін салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және аурулардың алдын алу бойынша «Саламатты сандарға жет!» профилактикалық бағдарламасы созылмалы инфекциялық емес аурулардың (семіздік, диабет, гипертония, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық және респираторлық аурулар) алдын алу мақсатында ҚР ПІБ МОА-да әзірленіп, енгізілді.
Осы бағдарламаға қатысу үшін 2022 жылғы кешенді профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелерімен дене салмағы бойынша тәуекел тобындағы пациенттер іріктелді (дене салмағының индексі 30-34,9, 1 сатыдағы семіздік).
Бағдарлама шеңберінде мыналар көзделетін болады:
- Ерікті ақпараттық келісімге қол қою және бағдарламаға қатысушының сауалнаманы толтыруы.
- Биоимпедансометрия (дене майының, сұйықтықтың, бұлшықет пен сүйек массасының және метаболизмнің мөлшерін талдау).
- Қанның б/х көрсеткіштерін бағалау (қандағы қант пен холестерин деңгейі).
- SCORE шкаласы бойынша алдағы 10 жылда жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау.
- Салмақ жоғалту бойынша жеке іс-қимыл жоспарын жасау (қажет болған жағдайда учаскелік терапевтпен, диетологпен, реабилитологпен және басқа мамандармен бірлесіп).
- Денсаулық параметрлерін бақылау.
- Оң нәтижелерге қол жеткізген қатысушыларды (салмақты азайту және денсаулық көрсеткіштерін жақсарту) көтермелеу көзделетін болады.
Келісім беретін болсаңыз, Сізге ақпараттық келісімді басып шығару, толтыру және сканерленген нұсқаны E-mail: Tsfzozh@mail.ru жіберу қажет.
Сұрақтар туындаса ҚР ПІБ МОА СӨСҚО 70-80-35 нөміріне қоңырау шала аласыз.