СӨСҚ орталығының қызметкерлері салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және аурулардың алдын алуға бағытталған «САЛАМАТТЫ САНДАРҒА ЖЕТ!» атты бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 20 маусымда ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу бойынша көшпелі іс-шара өткізді.
СӨСҚО әдіскер-дәрігерлері Г. Сақанова, Г. Тұрдұнова қатысқандардың назарына «Жоғары қан қысымы және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі. Алдын алу шаралары», «Тамақтану – жүрек-қантамыр аурулары (ЖҚА) үшін басқарылатын тәуекел факторы ретінде» тақырыптары бойынша презентациялар ұсынылды.
Жиналғандар тақырыпты талқылауға белсене қатысты, дәріскерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Кездесу соңында қатысушыларға «Дұрыс тамақтану ЖҚА-ның басты факторы ретінде», «Темекі шегу туралы фактілер», «Отырықшы өмір салты», «Тұзды тұтыну туралы не білу маңызды», «Инсульттің алдын алу», «Зәр қышқылы», «Темекісіз денсаулық» тақырыптарындағы ақпараттық-білім беру материалы (жаднамалар) таратылды.
Жүрек-қантамыр аурулары және олардың дамуына ықпал ететін қауіп факторларына халықтың хабардарлығын арттыру және назарларын аудару мақсатына қол жеткізілді, мұны жиналғандардан алынған кері байланыс дәлелдеді. Іс-шараға 29 адам қатысты.