Басты бетҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде СӨСҚО қызметкерлері іс-шара өткізді

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде СӨСҚО қызметкерлері іс-шара өткізді

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде СӨСҚО қызметкерлері іс-шара өткізді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде СӨСҚО қызметкерлері іс-шара өткізді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде СӨСҚО қызметкерлері іс-шара өткізді

СӨСҚ орталығының қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға және аурулардың алдын алуға бағытталған «САЛАУАТТЫ САНДАРҒА ЖЕТ!» атты бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 26 мамырда Халықаралық артериялық гипертензиямен күрес күніне орай ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.

СӨСҚО әдіскер-дәрігерлері қатысушылардың назарына келесі презентацияларды ұсынды:

«Жоғары қан қысымы және жүрек-қантамыр қаупі. Алдын алу шаралары» Гүлнәр Сақанова.

«Тамақтану – жүрек-қантамыр ауруларның басқарылатын қауіп факторы ретінде» Гүлнәр Турдунова.

Жиналғандар тақырыпты талқылауға белсене қатысты, дәріскерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында қатысушыларға мынадай ақпараттық-білім беру материалы (жаднамалар) таратылды: «Тамақтану – ҚЖА басқарылатын факторы ретінде», «Темекі шегу туралы фактілер», «Аз қозғалысты өмір салты», «Тұзды тұтыну туралы не білу керек», «Инсульттің алдын алу», «Несеп қышқылы», «Темекісіз денсаулық».

Іс-шараның мақсаты – артериялық гипертензияның және оның асқынуларының дамуына ықпал ететін қауіп факторларына халықтың назарын аудару және хабардарлығын арттыру. Қатысушылардан алынған кері байланыс іс-шара өз мақсатына жеткенін дәлелдеді. Іс-шараға 45 адам қатысты.