СӨСҚ орталығы орталығының қызметкерлері салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және аурулардың алдын алуға бағытталған «САУ САНДАРҒА ЖЕТ!» атты бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 19 мамырда Ауыл шаруашылығы министрлігінде Халықаралық артериялық гипертензиямен күрес күніне арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: артериялық гипертензияның және оның асқынуларының дамуына ықпал ететін қауіп факторларына халықтың хабардарлығын арттыру және назарларын аудару.
Кездесу барысында «Жоғары қан қысымы және жүрек-қан тамырлары қаупі. Алдын алу шаралары» тақырыбында АШМ қызметкерлері алдында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының әдіскер-дәрәгері Гүлнар Бейсембекқызы Сақанова сөз сөйледі.
Артериялық гипертензиямен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау мәселелері бойынша АМСК 2 бөлімшесінің терапевті Шолпан Өтегенқызы Ералиева сөз сөйлеп, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.
Кезкелген қатысушыларға еріктілері бойынша қан қысымы өлшеніп нәтижелерін түсіндіру жүргізілді.
Кездесу соңында қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалы (жаднамалар) таратылды: «Дұрыс тамақтану ҚАЖА-ның бақыланатын факторы ретінде», «Темекі шегу туралы фактілер», «Отырықшы өмір салты», «Тұзды тұтыну туралы не білу маңызды», «Инсульттің алдын алу», «Зәр қышқылы».
Іс-шараға 25 адам қатысты.