Басты бетШҚО-дағы жұмыс сапарының қорытындысы: 19 операция, 98 дәрігерлік кеңес, 7 дәріс

ШҚО-дағы жұмыс сапарының қорытындысы: 19 операция, 98 дәрігерлік кеңес, 7 дәріс

ШҚО-дағы жұмыс сапарының қорытындысы: 19 операция, 98 дәрігерлік кеңес, 7 дәріс ШҚО-дағы жұмыс сапарының қорытындысы: 19 операция, 98 дәрігерлік кеңес, 7 дәріс ШҚО-дағы жұмыс сапарының қорытындысы: 19 операция, 98 дәрігерлік кеңес, 7 дәріс ШҚО-дағы жұмыс сапарының қорытындысы: 19 операция, 98 дәрігерлік кеңес, 7 дәріс

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» жобасы аясында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының білікті дәрігерлері Шығыс Қазақстан облысындағы төрт күндік тәжірибе алмасу шарасын аяқтады.

 Жұмыс сапарының алғашқы күнінде ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының хирургия бойынша орынбасары, жоғары санатты  нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев 8 күрделі операцияны сәтті жасап,  роботталған хирургияның даму кезеңдері бойынша өңірдегі дәрігерлерге дәріс оқыды және 21 науқасқа дәрігерлік кеңес жүргізді.

Аурулардың алдын алуда диагностикалау, заманауи әдістерімен бөлісу, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу, күрделі операциялар жасаудағы жаңаша әдістермен бөлісуде аурухананың оториноларинголог дәрігері Талапбек Аженов те өңірдегі лор дәрігерлері үшін дәріс оқып, 28 науқасқа жеке дәрігерлік қабылдау өткізді және мұрын қуысына 4 күрделі операцияны сәтті жүргізді.

Жұмыс сапары аритмолог дәрігер Ринат Камиев жасаған 2 операция мен 31 дәрігерлік кеңес, гинеколог дәрігер Әділ Әдрешев миомэктомия және субтотальды гистерэктомия бойынша жасаған 5 күрделі операциясымен толықты. Сонымен қатар ревматолог дәрігер Нұрлыгүл Садырбаева ревматологиялық бейіндегі 8 пациентке дәрігерлік кеңес берсе, аурухананың пульмонолог дәрігері Мадина Есенгелдина 10 науқасты қабылдады және өңірдегі әріптестеріне дәріс оқыды.

Директордың стратегиялық даму, ғылым және білім жөніндегі орынбасары, профессор Насрулла Шаназаров «Онкологиядағы фотодинамикалық терапия» және «Фотодинамикалық терапияның көмегімен жатыр мойны обырының алдын алу» тақырыбында өңірдегі әріптестеріне 2 презентациялық дәріс оқыды.

Дербестендірілген геномдық зертхана меңгерушісі, Гүлшара Әбілдинаова «Онкологиялық аурулар кезінде таргеттік препараттарды іріктеу үшін жасалатын генетикалық зерттеулер» және «Генетикалық патология диагностикасының заманауи әдістері» тақырыбында дәріс оқыды.

Барлығы 19 операция, 98 дәрігерлік кеңес, 7 дәріс берумен қорытындыланған жұмыс сапары барысында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын да атап өту маңызды.

Республиканың өзге де аймақтарында тәжірибе алмасу және халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында аурухана ұжымының жұмыс сапары әрі қарай жалғасын табады деп жоспарлануда.