Басты бетДенсаулық – адам капиталының маңызды саласы

Денсаулық – адам капиталының маңызды саласы

Денсаулық – адам капиталының маңызды саласы Денсаулық – адам капиталының маңызды саласы Денсаулық – адам капиталының маңызды саласы Денсаулық – адам капиталының маңызды саласы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзін талқылау жиыны өтті.

Аурухана ұжымымен кездесуге келген саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бас консультанты Венера Жексембекова «Жаңа саяси контекст» тақырыбында сөз сөйлеп, ел дамуында медицина қызметкерлерінің рөлі айрықша екенін атап өтті.

– «Адам капиталын дамытуға қатысты тағы бір мәселе – Денсаулық сақтау жүйесінің тиімді болуы. Еліміздегі медицина инфрақұрылымын жақсарту қажет. Оның жай-күйіне қатысты түйткілдер аз емес. Мемлекет соның бәрін біртіндеп шешіп жатыр» деп Президентіміз нақты мақсатты айқындап берді. Біз де осы бағытта жұмыс істеп, халық саулығын сапалы қамтамасыз етуде күш-жігерімізді аямаймыз, – деді Венера Жексембекова.

«Денсаулық» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлжан Искакова алдағы уақытта Қазақстанның саяси жаңғыруы,  ҚР ПІБ МО ауруханасының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау жүйесін құру, дәрігерлерді құқықтық қорғау мен беделін көтеру, денсаулық сақтау сапасын арттыру, ұжымда цифрлық шешімдерді енгізу және өзге де тақырыптар аясында сарапшы, заңгерлердің қатысуымен диалогтік алаңда кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу жоспарын ұсынды.