Орталық туралы
2016 жылғы 1 наурызда МОА бас дәрігерінің бұйрығымен емхана құрамында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (СӨСҚ орталығы) жаңа бөлімшесі құрылды. Негізгі тақырыптық циклдерден басқа ("Диабет" мектебі, артериялық гипертония және ЖИА пациенттеріне арналған Денсаулық мектебі ("Сау жүрек, таза қан-тамыр"), бронх демікпесі және ӨСОА пациенттеріне арналған Денсаулық Мектебі ("Еркін тыныс алу"), Жүкті және жас ана мектебі ("Сізде бала болады!"), "Белсенді ұзақ өмір сүру" мектебі), Салауатты тамақтану, темекі шегудің алдын алу, стресстердің алдын алу және күйзеліске төзімділікке дағдыландыру, онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша оқыту жүргізілетін болады.
Орталық басты мақсаты
Халықтың басты адами құндылық ретінде денсаулыққа деген көзқарасын қалыптастыру. Денсаулық және жақсы психофизикалық жағдайды өмір стилі ретінде қалыптастыру.
Орталық міндеттері
Контингентті СӨС дағдыларына үйрету, аурулардың даму қауіпінің мінез-құлықтық факторларын жеңу қабілетін қалыптастыру және алдын алуды насихаттау; пациенттердің денсаулығына байланысты мәселелерде құзыреттілігін арттыру және өз өмірін және оның қоршаған жағдайларын өз бетінше өзгерту дағдыларына үйрету.
Орталық мамандары
Құрманов Марат Қайыртайұлы
Орталық басшысы
Жоғары санатты дәрігер