Басты бетЕмхананың күндізгі стационары

Емхананың күндізгі стационары

Бөлімше туралы

Күндізгі стационар бөлімшесі ҚР ПІБ МО ауруханасы емханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. L блокта, емдік-диагностикалық корпустың 2-қабатында орналасқан. Бөлімше 24 төсек-орынға арналған, жұмыс күндері сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді.

Бөлімше қызметтері

Бөлімше тәуліктік бақылауды қажет етпейтін емдік, профилактикалық және оңалту іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ тәуліктік стационардан шығарылған және қалпына келтіру емін қажет ететін пациенттерге арналған. Бөлімшеде әртүрлі терапиялық патологиясы бар пациенттер де, бейінді мамандардың жолдамасы бойынша да емделеді. Күндізгі стационарға жолдаманы бөлімше меңгерушілерінің келісімімен учаскелік дәрігерлер немесе тар шеңберлі мамандар береді. Қызмет көрсету бірнеше қаржыландыру көздері бойынша, оның ішінде МӘМС және республикалық бюджет шеңберінде ақылы негізде жүзеге асырылады. Пациенттің бөлімшеде болуы 5 күннен 8 күнге дейін созылады.



Бөлімше дәрігерлері         
 

Смаилова Акерке Абдылхасенкызы.jpg Смаилова Ақерке Абдылхасенқызы
Бөлімше меңгерушісі
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 23 жыл
Нурланова Динара Нурланқызы.jpg Нурланова Динара Нурланқызы
Дәрігер-терапевт
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 17 жыл
Шамаева Газиза Тулегеновна.jpg Шамаева Газиза Тулегеновна
Дәрігер-терапевт
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 10 жыл
Куланбаева Динара Есенбековна.jpg Куланбаева Динара Есенбековна
Невропатолог-реабилитолог дәрігері
Екінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 7 жыл