Бөлімше туралы
23 төсек-орындық бөлімше 2015 жылы ашылды, А1 блогының 4-қабатында орналасқан. Бөлімшеде барлығы 13 палата бар: оның ішінде 3 палата – бір орындық, 10 палата – екі орындық. Бөлімше мынадай жабдықтармен қамтамасыз етілген: ультрадыбыстық аппарат, «Karl Storz» фирмасының DUOLIT ESWL аппараты, цистоскопиялық зерттеулерге арналған «Karl Storz» фирмасының бейнеэндоскопиялық құрылғысы, таңу құралдарының жиынтығы, урофлуметрияға арналған аппарат, проктологиялық жабдықтардың жиынтығы.
Бөлімшеде урология және проктология бейіні бойынша хирургиялық көмектің толық көлемі көрсетіледі.
Бөлімшеде көрсетілетін медициналық қызметінің артықшылықтары – білікті кадрлар мен заманауи медициналық жабдықтар.
Бөлімше қызметтері
Эндоскопиялық операциялар
- Несепағарды стенттеу (бүйрек және несепағар тасы, несепағардың стриктурасы кезінде несепағарға ішкі стент-катетерін орнату)
- Лазерлік литотрипсия және литоэкстракциямен уретерореноскопия (бүйрек пен несепағар тастарын ұсақтау және алып тастау)
- Перкутанды нефролитотрипсия (бүйрек тастарын ұсақтау және алып тастау)
- Цистолитотрипсия (қуық тастарын ұсақтау және алып тастау)
- Уретероцелені эндоскопиялық жолмен кесу (несепағар сағасының қап тәрізді шығып тұруы)
- Аталық без аденомасының трансуретральды биполярлы резекциясы (Аталық без ТУР)
- Аталық без аденомасының трансуретральды биполярлы энуклеациясы (АТУЭ)
- Қуық өспелерінің трансуретральды резекциясы (полиптер немесе қуық өспелері кезінде)
- Склероз кезінде қуық мойнағын трансуретральды жолмен кесу
- Оптикалық уретротомия – уретрия стриктурасын кесу (лазерлік жолмен, суық пышақ жолымен)
- Нефростома (бүйрекке) және эпицистостома (қуыққа) орнату
- Склеротерапиямен бүйрек кистасының пункциясы
- Простатаның мультифокальды биопсиясы (морфологиялық зерттеу)
- Бүйрек трепанбиосиясы (морфологиялық зерттеу)
Лапароскопиялық операциялар
- Лапароскопиялық уретеро / пиелолитотомия (несепағар тастары немесе түбекшесі кезінде)
- Лапароскопиялық аденомэктомия (аталық бездің көлемі үлкен болғанда жасалады)
- Лапароскопиялық радикалды простатэктомия (аталық без обыры кезінде)
- Түбекше-несепағар сегментінің лапароскопиялық пластикасы (ТНС стриктуралары кезінде)
- Бүйрек кисталарын лапароскопиялық жолмен кесу
- Бүйректің лапароскопиялық резекциясы (бүйрек өспелері кезінде ағзаны сақтап қалу операциясы)
- Лапароскопиялық нефроуретерэктомия
- Нефроптоз кезіндегі лапароскопиялық нефропексия
- Лапароскопиялық уретероцистонеоанастомоз (несепағардың төменгі үштен бір бөлігінің стриктурасы кезінде)
- Қуық-қынап жыланкөзін лапароскопиялық жолмен кесу
Реконструктивті-пластикалық операциялар
- Жыныс мүшесін протездеу (бір және үш компонентті протез қою)
- Жыныс мүшесіне жасалатын реконструктивті-пластикалық операциялар (ұзарту, жуандату, жыныс мүшесінің қисаюын хирургиялық жолмен емдеу)
- Уретра пластикасы (уретра стриктурасын жоюдың әртүрлі әдістері қолданылады, оның ішінде сілемейлі қабық пен теріні қолдану)
- Әйелдер мен ер адамдарда зәр ұстамауды емдеуге арналған слинг операциялары
- Варикоцеле кезінде ұрық венасын субигвинальды микрохирургиялық жолмен емдеу
Ашық операциялар
- Ұқсас лапароскопиялық операциялар
- Қуық-қынап жыланкөзін қынап арқылы кесу
- Варикоцеле және гидроцеле бойынша операциялар
Проктологиялық операциялар
Тік ішектің, бұтараның, ректоқынаптық далданың, параректалды аймақтың ауруларын емдеудің операциялық-реконструктивті әдістері:
- Геморройдың, анус жарықшақтарының, анус каналының тыртық стенозының қайталанбалы жағдайларында анус каналының V-Y пластикасы
- Тік ішектің сілемей-бұлшықет кесіндісін төмендету, проктопластика әдістерін қоса алғанда, барлық күрделілік дәрежесіндегі параректалды жыланкөздерді кесіп алып тастау
- Анустық каналдың трансфинктерлік жыланкөздері кезіндегі «LIFT» (Ligation of intersphincteric fistula tract – жыланкөз каналын ішкісфинктерлік таңу) операциясы.
- «FILaC» операциясы (fistula tract laser closure) - анустық каналдың жыланкөздері кезіндегі лазерлік облитерация.
- Анустық инконтитенцияны хирургиялық жолмен емдеу, сфинктеролеваторопластика
- Босанғаннан кейін бұтара мен тік ішектің жыртылуларының барлық күрделілік дәрежесіндегі қалпына келтіру операциялары
- Стоманы шығармай ректоқынап жыланкөздерін кесіп алып тастау, проктопластикамен ректоқынаптық бұтара пластикасы
- Ректоқынаптық бұтара пластикасымен ректоцелені жою.
- Әр түрлі модификациядағы геморроидэктомия: дәстүрлі, сілемей лифтингімен, мукопексиямен алдыңғы-артқы сагитальдық резекция, анустық каналдың VY-пластикасымен
- Геморрой кезіндегі HAL RAR операциясы (мукопексиямен геморрой түйіндерінің допплер бақыланатын дезартеризациясы).
- Анустық жарықшақтарды, бұтара кисталарын, эпителиалды құйымшақтық жолдар мен кисталарды кесіп алып тастау
- Шұғыл проктология: перианустық аймақтың абсцестендіруші ауруларын ашу, санация, дренаждау:
- аутопсия, санация, перианальды аймақтың абсцесс ауруларын ағызу: жедел парапроктиттер, іріңді эпителий-коксикалық кистаны ашу, тік ішектен қан кетуді тоқтату.
Күндізгі стационар жағдайында проктология бойынша операциялар тізбесі:
- Перианалды косметология – терінің қалдық қатпарлары, папилломалар, анопластикамен кондиломалар сияқты перианалды түзілімдерді ультрадыбыстық, радиотолқынды кесу;
- анустық полиптерді алып тастау;
- сыртқы оңаша геморройлық түйіндер тромбэктомиясы;
- жергілікті геморроидэктомия;
- геморройлық түйіндерді байлау;
- геморройлық түйіндерді склероздау;
- созылмалы анустық жарықшақтардың радиотолқынды деструкциясы;
- асқынбаған созылмалы анустық жарықшақты кесіп алып тастау;
- тік ішектің теріасты-сілемейқабықасты жыланкөздерін кесіп алып тастау;
- перианалды аймақтың теріасты, сілемейқабықасты жіті парапроктиттер сияқты абсцесті ауруларын ашу, санация, дренаждау, іріңді эпителиалды-құйымшақ кистасын ашу.
- жіті сфинктериттер кезіндегі пресакральды блокада;
- тік ішектің ашық биопсиясы.
Іріңді-хирургиялық операциялар:
- Терінің және теріасты-майлы тіннің іріңді-қабынбалы процестерін ашу (Флегмондар, абсцестер, фурункулдар, гидрадениттер және т.б.).
- Лактациялық және лактациялық емес маститтерді хирургиялық емдеу.
- Аяқтың трофикалық зақымдануын емдеу (қантты диабет, облитерациялық атеросклероз кезінде).
- Жабын тіндерінің трофикалық компрессиялық зақымдануын емдеу (жауыржаралар).
- Аяқтың іріңді-некротикалық асқынулары (гангрена) кезінде хирургиялық емдеу.
Бөлімше дәрігерлері
Ерлан Жәлелұлы Еңсебаев Медицина ғылымдарының докторы, профессор Жоғары санат Жұмыс өтілі 45 жыл |
|
Бақтияр Ғалыұлы Қасымов Бөлімше меңгерушісі Жоғары санат Жұмыс өтілі 14 жыл |
|
Фатима Заурбиевна Борсова Проктолог дәрігер Медицина ғылымдарының кандидаты Жоғары санат Жұмыс өтілі 27 жыл |
|
Григорий Иванович Яковенко Проктолог дәрігер Медицина ғылымдарының кандидаты Жоғары санат Жұмыс өтілі 22 жыл |
|
Айгүл Аманқұлқызы Абдрахманова Уролог дәрігер Медицина ғылымдарының кандидаты Жоғары санат Жұмыс өтілі 27 жыл |
|
Айдын Рахманғалиұлы Омарқұлов Проктолог дәрігер Жоғары санат Жұмыс өтілі 25 жыл |
|
Олжас Нұрболатұлы Жайшыбеков Уролог дәрігер Жоғары санат Жұмыс өтілі 17 жыл |
|
Вадим Владимирович Риб Уролог дәрігер Бірінші санат Жұмыс өтілі 12 жыл |
|
Жандос Жайықұлы Шәкенов Уролог дәрігер Бірінші санат Жұмыс өтілі 12 жыл |
|
Әмір Серімұлы Сүлейменов Проктолог дәрігер Бірінші санат Жұмыс өтілі 10 жыл |