Басты бет › № 2 терапиялық бөлімше (кардиология)

№ 2 терапиялық бөлімше (кардиология)

Бөлімше туралы

Бөлімшеде кардиологиялық бейіндегі ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи дағдыларын меңгерген жоғары кәсіби кардиологтар тобы жұмыс істейді. Бөлімше МОА бас кардиологы, м.ғ.д. Әлия Өтепбайқызы Жолдасбекова басшылығындағы Жүрек орталығының құрамына кіреді. Бөлімшеде жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының кең спектрі (ЖИА, артериялық гипертония, жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы және т.б.) бар пациенттер тексеріліп, емделеді. Кардио бағдарламасы бойынша тексеру зертханалық диагностиканы, ЭКГ, ЭХОКГ, Холтер бойынша ЭКГ мониторингін, артериялық қан қысымының тәуліктік мониторингін, жүктеме сынамаларын, кальций индексін, жүректің БФЭКТ-КТ, коронарангиографиясын анықтай отырып, коронарлық қантамырларды КТ зерттеуді қамтиды.

Бөлімше қызметтері

Бөлімше пациенттерге кардиология терапиялық бағыты бойынша көмек көрсетеді. Зерттеу нәтижелері бойынша пациентті тәжірибелі кардиохирургтардан, кардиологтардан және интервенциялық кардиологтан құралған «Heart-team» тобы қарап-тексеріп, миокардты реваскуляризациялау әдісі (стенттеу, АКШ, оңтайлы дәрілік терапия) таңдалады.

Бөлімше дәрігерлері

Князова Гульбану Жаксыбаевна.jpg Князова Гүлбану Жақсыбайқызы
Бөлімше меңгерушісі
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 28 жыл
Қасенова Әсел Әмірханқызы
Кардиолог дәрігер
Жоғары санатты дәрігер
Жұмыс өтілі 15 жыл
Қалиев Руслан Бейсенбайұлы
Екінші санатты дәрігер
Кардиолог дәрігер
Жұмыс өтілі 10 жыл
Шәкірова Жанар Еркенқызы
Екінші санатты дәрігер
Кардиолог дәрігер
Жұмыс өтілі 8 жыл
Қалила Жанар Мұратқызы
Екінші санатты дәрігер
Кардиолог дәрігер
Жұмыс өтілі 5 жыл