Басты бетНАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КӨКТЕМНІҢ БАСЫ – ҚЫЗЫЛША ауруы КӨБЕЙЕТІН МЕРЗІМ!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КӨКТЕМНІҢ БАСЫ – ҚЫЗЫЛША ауруы КӨБЕЙЕТІН МЕРЗІМ!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КӨКТЕМНІҢ БАСЫ – ҚЫЗЫЛША ауруы КӨБЕЙЕТІН МЕРЗІМ!

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, наурыз айынан бастап қызылша ауруының саны өскені байқалады. Мәселен, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, жыл басынан бері елімізде қызылшаға күдікті 56 жағдай тіркелген (сырқаттың 65 пайызы наурыз айының басынан бері тіркелген).

Қызылшамен ауыратындардың көп жағдайы 2-4 жыл сайын қысқы-көктемгі кезеңде (қаңтар-мамыр) аурушаңдықтың жоғарылауымен байқалады.

Қызылша – жұқпалылығы жоғары (90%) вирустық этиологияның жіті инфекциялық ауруы. Яғни, әр науқас адам онымен қарым-қатынаста болған егілмеген 10 адамның 9-на жұқтыруы мүмкін.

Қызылшаға қарсы жаппай егу іс-шаралары болмаған кезде қызылшамен негізінен 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар ауыратын; бала кезінде бұл аурумен ауырмаған ересектер анағұрлым сирек ауыратын.

Ересектердегі қызылша – бұрын қызылшамен ауырмаған және қызылшаға қарсы вакцина алмаған жастарда кездеседі. Ересектерде бұл ауру жиі қызылша пневмониясымен және бактериялық асқынулармен қосарласып ауыр өтеді.

Ауырып сауыққаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

Инкубациялық кезеңі шамамен 8-14 күнді құрайды.

 

Инкубациялық кезеңнің соңғы күндерінен (соңғы 4 күн) бөртпенің 4-ші күніне дейін (аурудың 5-ші күнінен бастап инфекция жұқпайтын болып саналады) қызылшаның кез келген түрімен ауратын науқас инфекция көзі болып табылады.

Берілу жолы – ауа-тамшы арқылы.

Жоғары жұқпалылықтан басқа, қызылша қаупі пневмония (өкпенің қабынуы) және энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты ауыр асқынулармен сипатталады. Медициналық көмекке уақытынан кеш жүгінгенде және ауыр қосарласқан аурулар болған жағдайда арты өлім-жітімге әкелуі мүмкін.

Аурудың белгілері:

 

Алғашқы белгілер: жалпы әлсіздік, дене температурасының көтерілуі, бас ауруы, мұрыннан су ағуы, тамақ ауруы, көз қарығуы (жарыққа қарай алмау), көздің қызаруы, жасаурау (конъюнктивит), жөтел;

Негізгі белгілері: ауыз қуысында ақ, қызыл дақ пайда болуы; бастан аяққа дейін дененің бөртуі.

Қызылша белгілері.png

Қызылшаның алдын алу бойынша негізгі ұсыныстар:

  • Балаларды қызылшаға қарсы уақтылы егу, баланың вакцина статусын мезгіл-мезгіл тексеріп тұру (бірінші вакцинация 1 жаста, екіншісі 6 жаста)
  • Балаңыз белгілі бір себептермен қызылшаға қарсы екпе алмаған болса, балалар көп жиналатын орындарға (мәдени-көпшілік іс-шаралар, сауда-саттық орталықтарының ойын алаңдары және т. б.) баруды шектеу қажет;
  • Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерге жүгіну керек
  • Дәрігер қызылша диагнозын қойса, бұл туралы балабақшаға немесе мектепке хабарлау керек (аурудың басқа балалар мен ересектерге таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдау үшін).
  • Егер бала/ересек адам қызылша жұқтырғанда ауруханаға жатпаса, дәрігердің барлық нұсқауларын үйде орындау қажет.

Қызылшадан ең тиімді қорғаныс – ВАКЦИНАЦИЯ!

Есіңізде болсын, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген дұрыс!