Басты бетОнкологиялық аурулардың дамуына не әсер етеді?

Онкологиялық аурулардың дамуына не әсер етеді?

Онкологиялық аурулардың дамуына не әсер етеді?

Организмде ісік процесінің дамуы көптеген факторлармен байланысты. Онкологияның даму қаупін анағұрлым арттыратын негізгі факторлар:

  • дұрыс тамақтанбау
  • онкология бойынша тұқым қуалаушылық
  • көп қозғалмайтын өмір салты, артық салмақ және семіздік
  • иондаушы радиация және ультракүлгін күн радиациясы
  • қоршаған ортаның ластануы
  • кәсіптік факторлар
  • темекі шегу
  • вирустық фактор
  • жас ерекшелігі

Дұрыс тамақтанбау онкологиялық аурулардың даму қаупін арттырады

  • үнемі өңделген қызыл ет тұтыну – консервіленген, ысталған, тұздалған (ет деликатестері, шұжық, шұжықша)
  • тағам құрамында нитраттардың болуы
  • тұзды, газдалған сусындарды шамадан тыс тұтыну
  • көкөністер мен жемістерді аз тұтыну

Тұқым қуалайтын фактор

  • ісіктің кейбір түрлерінің дамуына бейімділік ата-анадан балаға берілуі мүмкін

Төмен физикалық белсенділік және соның салдарынан артық салмақ

  • семіздік пен постменопауза кезінде сүт безі, ұйқы безі, бүйрек онкологиясының дамуы, колоректалдық обыр, эндометрия арасында байланыс бар екені дәлелденді. 

Иондаушы және ультракүлгін сәулеленудің әсері

  • иондаушы сәулелену: табиғи (топырақ, су және ауа арқылы) және жасанды (ядролық өндірістен диагностика және емдеу үшін медицинада қолдануға дейін)
  • ультракүлгін күн радиациясының әсері тері обырының негізгі себебі, ең жиі кездесетін және алдын алуға болатын түрі (күннің әсерінен таңғы 10-нан кешкі 16-ға дейін ең қауіпті кезең)
  • солярийге жиі бару тері обырының дамуына себеп болуы мүмкін

Қоршаған ортаның ластануы

  • өкпе обырының дамуы мен ауаның асбест шаңымен және пайдаланылған газдармен ластануы арасында байланыс бар екені анықталды

Қауіпті өндірістерде жұмыс істейтіндер үшін кәсіптік қауіп факторлары

  • 50-ге жуық химиялық заттардың адам үшін канцероген болып табылатыны дәлелденді, қатерлі ісіктердің даму қаупін арттырады және көбінесе жұмыс орнында кездеседі.
  • кәсіптік обырдың алдын алуда қауіпті заттардың концентрациясын реттейтін қауіпсіздік қағидалары мен гигиенаны сақтау маңызды

Зерттеулер көрсеткендей темекі шегу –

  • адам үшін ең көп таралған және дәлелденген канцероген
  • обырдың 30% және олардың салдарынан болатын өлім-жітім темекімен байланысты
  • обырдың 12 түрі темекі шегуге байланысты
  • темекі түтінінде белгілі 43 канцероген бар
  • құрамында радиоактивті заттар бар: висмут, қорғасын, полоний

Вирустық фактор

  • жоғары онкогенді факторы бар адам папиллома вирусының штаммын жұқтыру жатыр мойны обырының даму қаупін арттырады
  • гепатит В және С гепатиті, бауыр обырының дамуының қоздырғыш факторы болып табылады
  • асқазанда Helicobacter Pylori – асқазан обырының болуы
  • Эпштейн Барр вирусы – Берркит лимфомасы

Жас ерекшелігі

  • адамның жасы үлкейген сайын организмінде ДНҚ мутацияларының саны артады, олардың кейбіреуі онкологияның дамуына әсер етеді.

Ауру дамуының алдын алу жолдары:

Әлемдік медицина қауымдастығы өзін-өзі бақылау және онкологиялық сақтықтың маңыздылығын дәлелдеді. Жоғарыда аталған қауіп факторларының әсер ету деңгейін азайту үшін қарапайым профилактикалық шараларды сақтау және жүйелі түрде медициналық қарап-тексеруден өту қатерлі ісік ауруының даму қаупін азайтады.

Денсаулығыңызға абай болыңыз!