Басты бетМыңжылқы Бердіқожаев: бір күнде 13 операция жасаған кездерім де болды...

Мыңжылқы Бердіқожаев: бір күнде 13 операция жасаған кездерім де болды...

Мыңжылқы Бердіқожаев: бір күнде 13 операция жасаған кездерім де болды... Мыңжылқы Бердіқожаев: бір күнде 13 операция жасаған кездерім де болды... Мыңжылқы Бердіқожаев: бір күнде 13 операция жасаған кездерім де болды... Мыңжылқы Бердіқожаев: бір күнде 13 операция жасаған кездерім де болды...

ҚР ПІБ Медициналық орталығының жоғары білікті дәрігерлері «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» аясында Шымкент тұрғындарына күрделі операция жасады. Делегация құрамында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының және Орталық клиникалық аурухананың үздік мамандары, атап айтқанда, нейрохирургтар, генетиктер, кардиохирургтар, аритмологтар, онкохирургтар және тағы басқа мамандар болды.

Оңтүстік өңірге барған дәрігерлер арасында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы директорының хирургия жөніндегі орынбасары, жоғары санатты нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев та болды. Мыңжылқы Бердіқожаев отандық эндоваскулярлық нейрохирургияның бастауында тұр. Ол - көптеген күрделі операцияларды Қазақстанда алғаш болып жасаған мамандардың бірі. Сондай-ақ, жоғары санатты дәрігер ми қантамырларындағы аневризма мен артериовенозды ақауларды эндоваскулярлық жолмен емдеудің жаңа әдістерін енгізді. Оның есебінде ми қантамырларына жасалған 6500-ден астам жоғары технологиялық операция бар.

«Бір күнде 13 операция жасаған кездерім де болды. Шетелдік семинарларға үнемі қатысуға тырысамын, шетелдік әріптестеріммен тәжірибе алмасамын, бірлескен операциялар жасаймыз», - дейді маман.

Нейрохирург шымкенттік тұрғындарға жалпы 45-ке жуық тегін консультация беріп, бірнеше операция жасады.

«Екі пациентте бассүйекішілік артериялардың тарылуы болды, сондықтан біз ішкі күре тамырды эндоваскулярлық жолмен стенттеу операциясын жасадық. Үшінші пациентте ішкі күре тамырдың жарылған аневризмасы анықталды. Үлкен қан кету болды. Қан тамырларын пломба қойдық, яғни эмболизация жасадық. Барлығы сәтті өтті» -, деп сөзін толықтырды Мыңжылқы Бердіқожаев.

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында Қазақстанның түрлі өңірлерінде тәжірибе алмасу іс-шаралары өтіп жатыр. Өзара тәжірибе алмасудың арқасында аймақтың медицина қызметкерлері біліктілігін арттыруда. Осылайша республикада күрделі операциялар жасайтын дәрігерлер саны көбейіп келеді.