Басты бетКореяның «Северанс» клиникасының өкілдері ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасына келді

Кореяның «Северанс» клиникасының өкілдері ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасына келді

Кореяның «Северанс» клиникасының өкілдері ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасына келді Кореяның «Северанс» клиникасының өкілдері ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасына келді Кореяның «Северанс» клиникасының өкілдері ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасына келді Кореяның «Северанс» клиникасының өкілдері ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасына келді

Бүгін ҚР ПІБ Медорталығы ауруханасына Оңтүстік Кореяның көпсалалы «Северанс» госпиталінің өкілдері келді. Делегация құрамында «Severance-KZ халықаралық медициналық қорының» Президенті Ан Лариса Вениаминовна, қордың вице-президенті Чой Дже Хун, физиотерапия саласының магистрі, физиотерапевт-реабилитолог дәрігер Ким Хеонву болды.

Алдымен келген делегация қалпына келтіру емі және оңалту орталығы, Check-up бөлімшесінің жұмысымен танысты. Шетелдік мамандар заманауи технологиямен жабдықталған бөлімдердің қызметін жоғары бағалады.

Кездесудің ресми бөлімінде тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында «Северанс» госпиталіне Аурухана тарапынан делегация сапарын ұйымдастыру мәселесін талқылады.

«Екіжақты Меморандум аясында «Северанс» клиникасымен бірқатар іс-шаралар жоспарланған болатын. Міне, соларды іске асыратын сәт келді. Жуырда, тәжірибе алмасу үшін Аурухана тарапынан «Северанс» клиникасына мамандарды жіберуге ниеттіміз» - деді, аурухана директоры Рустам Албаев.

Өз кезегінде «Severance-KZ халықаралық медициналық қорының» Президенті Ан Лариса Вениаминовна бұл кездесудің екі тарапқа да жаңа мүмкіндіктер ашатына сенім білдіріп, халықаралық PNF оңалту курсының ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының базасында өткізуге ұсыныс жасады. Аталған курс туралы физиотерапия саласының магистрі, физиотерапевт-реабилитолог дәрігер Ким Хеонву егжей-тегжейлі баяндады. Маманның айтуынша, курс Аурухананың оңалту бөлімшесі жұмысының сапасын арттыруға септігін тигізеді.

 «Северанс» ауруханасы - Кореяның жетекші медициналық мекемелерінің бірі. Клиника жүйесінде бес мамандандырылған медициналық орталық шоғырланған. Атап айтсақ, диагностикалық орталық, хирургтарға арналған тәжірибе орталығы, стоматология клиникасы және Каннам Северанс ауруханасы. Олар онкология, оңалту, жүрек-қан тамырлары аурулары, көз аурулары және педиатрия бағыттары бойынша қызмет көрсетеді.