Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының кеңейтілген алқа отырысы өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығының кеңейтілген алқа отырысы өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығының кеңейтілген алқа отырысы өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығының кеңейтілген алқа отырысы өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығының кеңейтілген алқа отырысы өтті

Бүгін Алматыда ҚР ПІБ Медицина Орталығының 2022 жылдың қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті. Жиынға ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Маржан Әкімжанова мен ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой төрағалық етті.

Сонымен қатар, алқа отырысына ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының директоры Рустам Албаев, Орталық клиникалық аурухананың президенті Асхат Бралов, «Оқ-Жетпес» емдеу-сауықтыру орталығының президенті Яков Стерлигов, «Almaty Resort» емдеу-сауықтыру орталығының директоры Гүлжанат Бугубаева, РФ Ессентуки қаласындағы «Қазақстан» емдеу-сауықтыру орталығының директоры Елтай Асқаров, «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбіткүл Қазақпаева, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры Сәуле Шәріпова және Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының Президенті Қази Тілеубеков қатысты.

Жиында ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Маржан Әкімжанова медициналық қызметтің халыққа қолжетімділігін арттыру мәселесін тілге тиек етті. Ал ПІБ Медорталығының басшысы Алексей Цой жетекшілік ететін мекемелердің басымдықтарына тоқталып, алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Өз кезегінде ҚР ПІБ Медорталығы ауруханасы директоры Рустам Албаев өзі басшылық ететін мекеменің 2022 жылғы жұмысын қорытындылады. «2022 жылы 25 технология енгізілді. Нәтижесінде 132 пациент емделіп, 2 274 диагностикалық зерттеу жүргізілді. Қазақстанда алғаш рет ми глиомасындағы мутацияның молекулалық-генетикалық диагностикасы, жұлын конусының артериовенозды фистуласын біріктіре емдеу технологиялары қолданылды.  Сондай-ақ, Аурухана ТМККК/МӘМС бойынша мемлекеттік өтеу тізбесіне жаңа технологияларды енгізу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде» - деді, Рустам Албаев.

Сондай-ақ, Аурухана директоры ғылыми-техникалық бағдарламалардың табысты іске асырылып, ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мәселен, соңғы жылда Аурухана мамандарымен 52 ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіліп, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда 27 баяндама, 37 тезис ұсынылған. Сонымен қатар, ғалымдар 1 өнертабысты патенттеп, 4 авторлық құқыққа қол жеткізген.