Басты бетМедициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру мәселелерін пысықтау шеңберінде СК-Фармация өкіл...

Медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру мәселелерін пысықтау шеңберінде СК-Фармация өкілдері жұмыс сапарымен келді

Медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру мәселелерін пысықтау шеңберінде СК-Фармация өкілдері жұмыс сапарымен келді Медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру мәселелерін пысықтау шеңберінде СК-Фармация өкілдері жұмыс сапарымен келді Медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру мәселелерін пысықтау шеңберінде СК-Фармация өкілдері жұмыс сапарымен келді Медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру мәселелерін пысықтау шеңберінде СК-Фармация өкілдері жұмыс сапарымен келді

2022 жылғы 10 қарашада медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру мәселелерін пысықтау шеңберінде ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасына СК-Фармация өкілдері жұмыс сапарымен келді.

Кездесу барысында тараптар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту үшін қабылданған жүйелі шаралар бойынша пікір алмасты, уақтылы сатып алу және жеткізу, қоймаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын және медициналық ұйымдардағы қалдықтарды мониторингілеу мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, тараптар тәжірибе алмасып, медициналық техникамен жарақтандыру, оны тиімді пайдалану, мамандарды (Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық және техникалық персоналы) даярлау, сервистік қызмет көрсету мен жөндеуді жетілдірудің өзекті мәселелерін айтты.

ҚР ПІБ МОА-да медициналық жабдыққа кешенді сервистік қызмет көрсетуге және медициналық персоналды тұрақты оқытуға ерекше назар аударылады. Бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасын едәуір арттыруға және денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техниканы тиімді пайдалану жолымен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта шетелдік және отандық медициналық техника өндірушілермен өндіріс локализациясы мәселелері пысықталып жатыр. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша Қазақстанда локализацияға арналған жабдықтардың тиісті тізбесі жасалатын болады, оны медициналық және сараптамалық қоғамдастық, өңірлік денсаулық сақтау басқармалары және медициналық ұйымдар егжей-тегжейлі пысықтайтын болады.

Кездесу соңында қажетті дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз етуді жетілдіру және қажетті медициналық жабдықтарды сатып алу, жаңа технологияларды енгізу және қызмет көрсету сапасын арттырудың жалпы тәсілдері талқыланды.