Басты бетМедициналық орталық ауруханасының қызметкері Н. Назарбаев қоры стипендиясының иегері атанды

Медициналық орталық ауруханасының қызметкері Н. Назарбаев қоры стипендиясының иегері атанды

Медициналық орталық ауруханасының қызметкері Н. Назарбаев қоры стипендиясының иегері атанды

Биыл ҚР Тұңғыш Президенті қорының стипендиясын тағайындау конкурсы 2022 жылғы 18 сәуір мен 30 маусым аралығында өтті. Конкурс Қазақстанның әр тарапын қамтыды. Республикалық турға 293 өтінім берілді, оның ішінде 80 студентке стипендия тағайындалды. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының жетекші маманы, жоғары біліктілік санатты хирург дәрігері Нұржан Қылышбеков те осы стипендияның иегері атанды.

Нұржан Қылышбеков Астана Медицина Университетінің Қоғамдық денсаулық және менеджмент факультетінің магистранты.  Стипендиялық бағдарламаның мақсаты – белсенді дарынды жастарды іріктеу және қазақстандық студенттердің білім-ғылым, шығармашылық және қоғамдық-пайдалы қызметіне қолдау көрсету. Нұржан жұмыс пен оқуды, ғылыми-зерттеу қызметін сәтті алып жүреді.

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының директоры Рустам Албаев Нұржан Қылышбековке сертификатты табыстап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.