Басты бетБілікті дәрігерлер Ақтөбеде

Білікті дәрігерлер Ақтөбеде

Білікті дәрігерлер Ақтөбеде Білікті дәрігерлер Ақтөбеде

Денсаулығыңыз сыр беріп, тәжірибелік дәрігерден кеңес алғыңыз келе ме?

Ақтөбеліктер үшін таптырмас мүмкіндік!

Қаңтардың 17-18 күндері ҚР Президентінің Іс басқармасының Медициналық орталығының дәрігерлері Ақтөбе қаласында аймақ тұрғындарына кеңес беріп, жоспарлы операциялар жасайды. Сондай-ақ медициналық көмектің инновациялық тәсілдерімен таныстырып, жергілікті дәрігерлерге шеберлік сағаттарын өткізеді.

Ақтөбе қаласына ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығында аурухана басшысы Р. Албаев, амбулаториялық көмек бойынша директордың орынбасары А. Тулеуова, стратегиялық даму, ғылым және білім бойынша директордың орынбасары Н. Шаназаров, хирургия бойынша директордың орынбасары М. Бердиходжаев, хирургия бөлімінің меңгерушісі А. Тойбаев, №2 терапевтік бөлімнің меңгерушісі Г. Князова,  аллергология орталғының басшысы Г. Тусупбекова, аритмолог дәрігер Р. Камиев, жекелендірілген геномдың диагностика лабораториясының басшысы Г. Абильдинова қатысады.

Сапардың басты артықшылығы – стационар дәрігердің ғана емес, диагоностикалық бөлім мамандарының қызметін кешенді ұйымдастыруында.

Айта кетейік, сапар барысында тәжірибелі дәрігерлер отандық медициналық көмектің соңғы жетістіктерін көрсетіп, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижесімен таныстырады.

ҚР Президентінің тапсырмасымен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мәселелері талқылануда. Бір сөзбен айтқанда, ауырмайтын жол іздеп, аурудың алдын алған абзал. Кешенді медициналық тексеруден өтуге асығыңыз.