Бөлімше туралы
Бөлімшеде артериялық және веналық жүйені реконструктивті-қалпына келтіру операцияларының барлық түрлері жасалады. Бұл дәстүрлі ашық әдіспен де, аз инвазивті эндоваскулярлық жолмен де жасалатын операциялардың өте кең спектрі.
Бөлімше қызметтері
Қантамырлық хирургия бейіні бойынша емдеу жұмысының негізгі бағыттары:
- Брахиоцефалдық артериялардың аурулары (окклюзия, стеноз, патологиялық ирек, күретамыр және бұғанасты артерияларының аневризмалары);
- Атеросклероз, қантты диабет (диабеттік табан синдромы), облитерациялағыш тромбангиит (Бюргер ауруы), жүйелік васкулит кезіндегі критикалық ишемияны қоса алғанда, қолқа, аяқ-қол артерияларының аурулары;
- Бүйрек және висцералды артериялардың аурулары (окклюзиялар, стеноздар, аневризмалар, экстравазалды компрессия);
- Төмендемелі көкірек, ішперде қолқасы, аяқ-қол артерияларының аневризмалары;
- Аяқ веналарының варикозы;
- Аяқ-қолдың терең және беткей орналасқан веналарының тромбоздары;
- Артерия-веналық мальформациялар.
Қантамыр ауруларын емдеу әдістері:
- Кеуде және ішперде қолқасы аневризмаларын рентгенэндоваскулярлық эндопротездеу.
- Атеросклеротикалық зақымданудан немесе күретамыр ирегін (каротидті эндартерэктомия, күретамыр редрессациясы, күретамыр-бұғанасты артерияны шунттау, күретамырды және бұғанасты артериясын стенттеу) туындаған қантамыр-ми жеткіліксіздігін хирургиялық жолмен емдеу.
- Қолқаға жасалатын реконструктивті операциялар (аневризманы резекциялау, қолқаны протездеу және т. б.);
- Аяқ-қол артерияларындағы реконструктивті операциялар (эндартеэктомия, профундопластика, сан-тізеастын шунттау, тибиалдық шунттау және т. б.);
- Қолқа мен аяқ-қол артерияларының зақымдануы кезіндегі рентгенэндоваскулярлық операциялар (баллондық ангиопластика, артерияларды стенттеу).
- Аяқ артерияларындағы гибридті операциялар (стенттеуді ашық реконструктивті операциямен біріктіру);
- Гемодиализ үшін артерия-веналық фистулаларды қалыптастыру;
- Веналардың эндовазалды радиожиілікті абляциясы, минифлебэктомия, веналарды склероздау;
- Терең орналасқан вена тромбозы кезінде кава-сүзгіні имплантациялау;
Бөлімше дәрігерлері
Абылай Әбілқайырұлы Сейітқалиев
Бөлімше меңгерушісі
Бірінші санат
Жұмыс өтілі 11 жыл
Тимур Нәсіпбайұлы Ескендіров
Қантамыр хирургі, рентгенэндоваскулярлық хирург
Жұмыс өтілі 2 жыл
Қыдыралиев Альберт Русланұлы
Қантамыр хирургі, рентгенэндоваскулярлық хирург
Жұмыс өтілі 10 жыл
Сарсембаев Талгат Алиханович
Қантамыр хирургі
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 21 жыл