Басты бет№7 терапиялық бөлімше (қалпына келтіру кардиологиясы)

№7 терапиялық бөлімше (қалпына келтіру кардиологиясы)

Бөлімше туралы

№7 терапиялық бөлімшесі миокард инфарктісінен кейін және жүрекке операция жасалғаннан кейін пациенттерді физикалық, психологиялық және медициналық оңалтудың толық кешенімен айналысады. Кардиологиялық оңалту көмегін көрсетудің барлық кезеңдерінде көпсалалы тәсіл және көпсалалы команда қағидаты тұжырымдалып, қолданылады. Бұл әртүрлі мамандардың – бейіндік аурулар бойынша дәрігерлердің, реабилитолог дәрігерлердің, емдік дене шынықтыру (ЕДШ), функциялық диагностика, физиотерапия мамандарының, психотерапевтердің, психиатрлар және басқа да мамандардың өзара іс-қимылын көздейді. Әрине, әр патология үшін мамандар мен оңалту және қайталама профилактика әдістері арнайы таңдалады.

Бөлімше қызметтері

  • МӘМС, республикалық бюджет шеңберінде, ақылы негізде оңалтудың 2 кезеңі
  • кардиология бағдарламасы бойынша Check up қызметтер «Кеудедегі ауырсыну», «Артериялық гипертензия», «Коронарография» бағдарламалары


Бөлімше дәрігерлері

Оралбекова Жанар Мейрамқызы
Бөлімше меңгерушісі
Философия PhD
Медицина ғылымдарының кандидаты
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 17 жыл

Султанова Рауза Зулкарнаевна
Кардиолог дәрігер
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 37 жыл

Нурписова Тоғжан Төлегенқызы
Кардиолог дәрігер
Бірінші санат
PhD дәрежесі
Еңбек өтілі 10 жылдан астам

Кәсіптікдағдылары:
Кардиохирургиялық операциялардан кейінгі, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ), жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), қақпақшалық зақымданулары, өкпелік гипертензиясы бар пациенттерді жүргізу және емдеу.
ЭКГ, трансторакальды ЭХОКГ, ХМЭКГ, АҚТМ жүргізу және интерпретациялау.
Зерттеудің инвазиялы әдістерін (коронарография, жүрек қуыстарын катетеризациялау, каротидография және т.б.) интерпретациялау.
Медициналық құжаттаманы жүргізу, іскерлік әдептіі білу.

      Байгожин Данияр Муратович
Кардиолог дәрігер
Екінші санат
PhD докторантурасында оқуда
Қызығушылық танытатын бағыты – кардиоонкология
Еңбек өтілі 10 жыл
Олжабаев Ермек Сериккалиевич
Кардиолог дәрігер
Бірінші санат
Қызығушылық танытатын бағыты – кезек күттірмейтін кардиология
Еңбек өтілі 9 жыл

Молдажанова Акмарал Магауияновна
Кардиолог дәрігер
Жоғары санат
MBA

Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бар пациенттерді диагностикалау, емдеу, профилактика және кардио-оңалту бойынша маман. Жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі, ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылыстары, жүрек қақпақшаларының аурулары және басқа да жүрек-қантамыр аурулары кезінде медициналық көмек көрсетеді.

Жүрек-қантамыр қаупін кешенді бағалауды, емді таңдауды және кардиореабилитацияны жүргізеді, жүрекке жасалған барлық операциялық араласулардан (аритмологиялық, кардиохирургиялық) кейін пациенттерді жүргізеді. Сондай-ақ кардиоонкологияның перспективалы бағыты бойынша дамып келеді – ісікке қарсы ем қабылдайтын пациенттерде жүрек-қантамыр асқынуларының профилактикасы, ерте анықталуы және түзетілуі.