Клиникалық жағдайдың сипаттамасы қызығушылық танытқандарға пайдалы ақпаратты қамтитын жеке жағдайдың егжей-тегжейлі клиникалық талдауы болып табылады. Дәріскер семинар барысында клиникалық жағдайларды құрастыру және жариялау неліктен маңызды екеніне тоқталды. Клиникалық жағдайлардың сипаттамалары тек жаңа ақпаратты қамтып қана қоймайды, сонымен қатар бұл медицина қызметкерлерін оқытудың таптырмас құралдары. Клиникалық жағдайларды жариялау арқылы дәрігерлер медицинада қазіргі дәлелдер базасын қалыптастыруға үлес қосады, ал нәтижелер мен гипотезалар жаңа емдеу әдістерінің дамуына септік етеді.
Аурухананың жаңадан ашылған объектілері – Емдік-диагностикалық блок пен Ядролық медицина орталығының ашылуы мен жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, сондай-ақ аурухана мүмкіндіктерінің ұлғаюына байланысты қызметкерлерді оқыту аурухананың ғылыми қызметінде маңызды рөл атқарады.
Медициналық орталық ауруханасының дәрігерлері дәрісті қызығушылықпен тыңдады. Тыңдаушылар ғылыми мақалалар жазу, клиникалық жағдайларды құрастыру бойынша жаңа пайдалы дағдыларды меңгерді.
Дәріскер Абдужаппар Гайпов – Қазақстандағы сертификатталған нефролог, ISN, ERA-EDTA, TTS, Түркі әлемі трансплантологтары қоғамының белсенді мүшесі және қазақстандық нефрологтар, диализистер және трансплантологтар қоғамының бас хатшысы. YNP (ERA-EDTA) және YNC (ISN) директорлар кеңесінің мүшесі, ISN NIS және Ресей аймағы төрағасының аймақтық орынбасары. Қазіргі уақытта Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде доцент болып жұмыс істейді. 100-ден астам рецензияланған мақалалардың авторы, көптеген журналдардың редакторы және рецензенті.