2022 жылғы 19 желтоқсанда ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының ұжымына директордың хирургия жөніндегі орынбасары Мыңжылқы Бердіходжаевты таныстырды.
Мыңжылқы Бердіходжаев – білікті маман, денсаулық сақтау үздігі, жоғары санатты нейрохирург және рентгенхирург дәрігері. Отандық эндоваскулярлық нейрохирургияның бастауында Мыңжылқы Бердіходжаев елімізде көптеген операцияларды алғаш болып жасады. Осылайша 2013 жылы ол алғашқы механикалық тромбэктомия жасады. Елімізде ми қантамырларындағы аневризма мен артерия-веналық мальформацияды эндоваскулярлық жолмен емдеудің жаңа әдістерін енгізді.
Бүгін еліміздің нейрохирургия саласын дамытып жүрген білікті дәрігер ми қантамырларына 6500-ден астам жоғары технологиялық операция жасады. Шетелдік семинарлар мен конференцияларға қатысып, дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі әріптестерімен тәжірибе алмасып, бірлескен операциялар жасап келеді.
Мыңжылқы Бердіходжаев 1998-2004 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында оқып, кейін интернатураны бітірді. 2006 жылы «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты атанып, Санкт-Петербург қаласындағы С.М. Киров атындағы Әскери-медициналық академияға клиникалық ординатураға түсті. «ДСЖМ» Қазақстандық медициналық университетін, содан кейін PhD докторантурасын бітірді. 2020 жылы «AlmaU» MBA Healthcare университетіне оқуға түсті.
Еңбек жолын республикалық ғылыми нейрохирургиялық орталықта нейрохирург болып бастады. 2014 жылы Алматы қаласының №7 ауруханасында интервенциялық хирургия бөлімшесін құрды және басқарды. 2014 жылы ҚР ПІБ жүйесінде еңбек жолын ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында интервенциялық нейрорадиолог лауазымынан бастады. 2016-2018 жылдары ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургия орталығының меңгерушісі, кейін нейрохирургия орталығының басшысы болып жұмыс істеді.
2021 жылы Шымкент қаласындағы №2 қалалық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы, 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Kazneuro Денсаулық сақтау және интервенциялық нейрохирургия және неврология қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басшысы, 2022 жылдан бастап Ұлттық медициналық қауымдастықтың вице-президенті.
Еңбек жолында ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Үздік еңбегі үшін», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» сондай-ақ «Алтын дәрігер» және «COVID-19 жанқиярлық күресі үшін» төсбелгісімен марапатталған.