Президенті іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының директоры 75 жастағы пациентке операция жасады. Дәрігерлердің қарап-тексеруі мен жүрек коронарографиясының нәтижесінде «Миокард инфарктісі» диагнозы қойылды. Ауруханасының директоры Рустам Албаев пациентке жедел түрде аортокоронарлық шунттау операциясын жасады. Операция сәтті өтті, науқастың қазіргі жағдайы қалыпты.
«Операциялық бөлме – басқа бір әлем сияқты. Бұл жердің атмосферасы бөлек, өзіне тән рухы бар. Біз жұмыс күнін аяқтау үшін ғана жұмыс істемейміз, пациенттің өмірін жақсарта түсу үшін қызмет атқарамыз. Бізде бір уақытта 11 операциялық зал жұмыс істейді. Біздің міндетіміз – барлық жоспарланған операцияларды нақты белгіленген уақытта жасау. Бізді швейцариялық сағатпен салыстыруға болады, іске қосылған сәттен бастап соңына дейін үздіксіз жұмыс істейміз. Операциялық блок та тура солай – пациенттердің өмірін сақтап қалу және денсаулықты жақсарту үшін тоқтаусыз жұмыс істейді. Олардың бірінде роботталған хирургия бойынша операциялар, екіншісінде – елде баламасы жоқ биплан ангиографиялық кешен жүйесінің көмегімен операциялар жасалады. Блокта анестезиология, трансфузиология, перфузиология, нейрохирургия, кардиохирургия, ангиохирургия, аритмология, оториноларингология, урология, гинекология, жалпы хирургия, офтальмохирургия, колопроктология, травматология және ортопедия бейіндері бойынша 60-тан астам орта және кіші медициналық персонал мамандары мен дәрігерлері жұмыс істейді», деді ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының директоры Рустам Албаев.