ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы директорының стратегиялық даму, ғылым және білім жөніндегі орынбасары, м.ғ.д., профессор Насрулла Шаназаров Онкологтар мен рентгенологтар Альянсының онкологиялық саланы дамытуға қосқан зор үлесі үшін төсбелгісімен марапатталды. Марапат Онкологиялық орталықтың 70 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияға орайластырылған.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының директоры Рустам Албаев Насрулла Шаназаровқа марапатты табыстап, ұжым атынан зор денсаулық пен кәсіби жетістіктер тіледі!