ҚР ПІБ Медициналық орталығында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры операциялық блоктан басталды. Мұнда журналистер роботтық хирургия симуляторлары жұмысымен танысып, КТ және МРТ зертханашысының рөлін сынап көрді. Жыл сайын ҚР ПІБ Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының операциялық блогында 5000-нан астам операция жасалады. Блок 11 операциялық залмен жабдықталған.
Журналистер аурухана базасында жақында ашылған жаңа емдік-диагностикалық блокпен танысты. Мұнда 7 терапиялық бөлімше жұмыс істейді: пульмонология, нефрология, гастроэнтерология, эндокринология, неврология, ревматология және кардиология. Жаңа блок соңғы үлгідегі заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Мысалы, минутына 640 кескін жасайтын және тіндердің әрбір миллиметрін дерлік зерттеуге мүмкіндік беретін компьютерлік томограф орнатылған. Сондай-ақ, томосинтез функциясы бар маммограф (3D маммография), сүт безі ауруларын диагностикалаудың заманауи құрылғы да соңғы үлгідегі жабдықтар қатарынан. Құрылғының артықшылығы – онкопатологияны ерте кезеңдерде диагностикалаудың жоғары дәлдігіне ие.
Инсульт, инфаркт, хирургиялық операциядан кейін қалпына келетін оңалту блогында кеңейтілген кері байланыспен жүру дағдыларын қалпына келтіруге арналған «Lokomat Pro» роботталған кешені орнатылған. Қимыл-қозғалыс функциясы бұзылған, бассүйек-ми жарақаттары, жұлын жарақаттары, неврологиялық, бұлшықет немесе сүйек патологиялары салдарында LokomatPro терапиясын қолдану пациенттердің қимыл-қозғалысын жақсартады.
Баспасөз турына қатысушылар аурухананың жаңа емдік-диагностикалық блогында ем қабылдап жатқан пациенттермен де тілдесті. Пациенттердің басым бөлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде ем алып жатқанын атап өткен жөн. Сондай-ақ Медициналық орталағы ауруханасының медициналық қызметтері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), және ақылы негізде де қазақстандықтарға қолжетімді.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы 1997 жылы 29 желтоқсанда Астана қаласында ашылған болатын. Жыл сайын мұнда 8000-нан астам пациент емделеді. Жаңа әдістер, заманауи технологиялар, білікті дәрігерлерден құралған команда, халықаралық стандарттар бойынша емдеу – аурухананың денсаулық сақтау саласында көшбасшыға айналуына мүмкіндік береді.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы халықаралық сапа стандарттары бойынша жұмыс істейді. Аурухана JCI халықаралық аккредиттеуінен үш мәрте сәтті өтті. Жыл сайын аурухана Қазақстан Республикасының медициналық мекемелер рейтингінде жетекші орындарға ие болады.