Республика өңірлерімен жаңа медициналық технологияларды қолдану бойынша жинақталған тәжірибемен бөлісу үшін ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы 7 желтоқсанда «Pavlodar Clinic» ЖШС-мен Денсаулық сақтау, медициналық білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Екіжақты ынтымақтастық аясында «Pavlodar Clinic» ЖШС базасын Павлодар өңірінің пациенттеріне жоғары білікті консультациялар беру үшін өңірлік алаң ретінде пайдалану жоспарланып отыр.
Аурухананың жетекші мамандары «Pavlodar Clinic» ЖШС базасында әртүрлі бағыттар бойынша көшпелі шеберлік сыныптарын өткізеді және күрделі клиникалық жағдайларда операциялар жасайтын болады. Сынақтан өткен және қазірдің өзінде Ауруханада оңтайлы қолданылып жүрген инновациялық медициналық технологиялар берілетін болады. Сондай-ақ, өңірдегі дәрігерлер мен пациенттерге телемедициналық және бейнеконсультация беру, білім беру бағдарламалары мен конференциялар ұйымдастыру жоспарда бар.