Жұмыс кездесуі барысында Rulacom Consult GmbH, Asklepios (Германия) медициналық концернінің бас директоры Анжелика Дробот ханым денсаулық сақтаудағы соңғы инновациялық әзірлемелер мен клиникалық шешімдерді ұсынып, Ауруханамен одан әрі серіктестіктің мүмкіндіктері мен перспективаларымен бөлісті.
Біздің тараптан директордың емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева Аурухананың емдеу практикасына ӨЖЖ-ден ажырату әдістемесі және басқа да бірқатар жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік берген ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.
Кездесу нәтижесінде дәрігерлер арасында тәжірибе алмасу, дәрігерлер мен орта медициналық персонал үшін білім беру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ екінші пікір алуда телемедицина мүмкіндіктерін пайдалану бойынша клиникалар арасындағы серіктестіктің одан әрі бағыттары мен қадамдары айқындалды.
Rulacom Consult GmbH – ресми түрде аккредиттелген Asklepios медициналық концернінің ең ірі ұйымы.