Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 2002 жылдан бастап қарашаның екінші немесе үшінші аптасының сәрсенбісінде Дүниежүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруларына қарсы күрес күні атап өтіледі.
Өлім-жітім себептерінің арасында ӨСОА әлемде 4-ші орында тұр және өкпе обыры салдарынан болатын өлімнен 2,2 есеге көп.
Бұл күннің мақсаты – халықтың ӨСОА, себептері мен қауіп факторлары, оның алдын алу әдістері туралы хабардарлығын арттыру.
ӨСОА – қабынумен, өкпе арқылы ауа өтуінің бұзылуымен сипатталатын, қалыпты тыныс алуды болдырмайтын, ентігу мен жөтелді тудыратын үдемелі ауру. Бронх-өкпе тінінің және қантамырларының өзгеруі нәтижесінде организмде созылмалы оттегі тапшылығы пайда болады, бұл барлық алмасу процесстерінің бұзылуына әкеледі.
ӨСОА дамуының себептері:
- темекі шегу және темекі түтіні – 90-95%
- өндірістік шаңмен, химиялық заттардың буымен тыныс алу
- ластанған ауа
- бронх-өкпе ауруларымен жиі ауыру, әсіресе балалық шақта
- генетикалық бейімділік, 1%-дан аз
ӨСОА кезінде не болады:
Темекі түтіні, шаң сияқты факторлар ұзақ әсер еткенде бронхтар тарылып, ісініп, көп мөлшерде сілемей пайда болады.
Аурудың негізгі белгісі – қақырықты жөтел, ентігу және кейінірек тері түсінің өзгеруі. Бастапқы кезеңдерде аурудың белгілері байқалмайды, ал дәрігерге кеш жүгінгенде өкпе ауруының беті қайтпауы мүмкін.
Дәрігерге барып, ауруды анықтаудың себебі – алдымен жүргенде және жеңіл күш түскенде ентігу, кейін уақыт өте келе қатты ентігу. ӨСОА толық емделмейді, бірақ дұрыс емнің көмегімен аурудың дамуы мен асқынуын баяулатуға болады. Сондықтан арандату факторларын болдырмау, ұсыныстарға құлақ асу және емделу асқынудың азаюына көмектеседі.
Бұл аурудың алдын алуда маңыздысы – темекі шегуден бас тарту, кәсіптік зиянды жұмыста қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін сақтау, бронх-өкпе ауруларының және респираторлық вирустық инфекциялардың өршуінің алдын алу.
Темекі шегуден бас тарту ӨСОА-ның алдын алуға және салауатты өмір сүруге мүмкіндік береді!