Басты бетҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АУРУХАНАСЫНА KITAHARA GROUP (ЖАПОНИЯ) МЕДИЦИНАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ...

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АУРУХАНАСЫНА KITAHARA GROUP (ЖАПОНИЯ) МЕДИЦИНАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АУРУХАНАСЫНА KITAHARA GROUP (ЖАПОНИЯ) МЕДИЦИНАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

Хатиодзи (Токио) қаласында нейрохирургиялық көмекке мамандандырылған аурухана ретінде Kitahara Group корпорациясын 1995 жылы доктор Щигеми Китахара құрды. Қазір Kitahara Group құрамына KNI AҚ, Kitahara Medical Strategies International АҚ (Kitahara Group Медициналық корпорациясының бөлімшесі), сонымен қатар Japan Medical Development Organization ҮЕҰ және General Incorporated Association Institute for Innovative Healthcare кіреді.

Кездесуге Медициналық орталық ауруханасының директоры Рустам Албаев, директордың орынбасарлары мен негізгі орталықтардың басшылары қатысты. 

Сапар таныстыру сипатында өтті, кездесу қорытындысы бойынша Kitahara Group енгізген «Total life support» жүйесін 24/7/365 цифрлық форматта пациенттерді жан-жақты қолдау бойынша оңалту және қалпына келтіру емі, зерделеу және сынақтан өткізу саласында клиникалық тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастық мүмкіндігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, таяу жоспарларда білім беру мақсатында оңалту бейіні мамандарының өзара алмасуын ұйымдастыру бар.