Тіркелген контингент қатарындағы мемлекеттік қызметшілер үшін салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және аурулардың алдын алуға арналған «САЛАУАТТЫ САНДАРҒА ЖЕТ!» атты бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері БМСК 2-бөлімшесінің невролог дәрігерімен бірлесіп Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне арналған іс-шара өткізді.
Заманауи медицинада XXI ғасыр «Қанайналым жүйесі ауруларының дәуірі» (ҚЖА) деп аталататындықтан бұл іс-шараның рөлі маңызды. Бүкіл әлем бойынша ҚЖА «№1 өлімге әкелетін» ауру болып табылады және жыл сайын 17 миллионнан астам адамның өмірін қияды.
Бүгінгі таңда еңбекке қабілетті жастағы әр 10-шы қазақстандық ҚЖА-ның біреуіне шалдыққан, сонымен қатар еліміздегі әр екінші өлім осы аурулардың салдарынан болады.
Ең бастысы, өмір салтын дұрыс жаққа өзгерту арқылы ҚЖА-дан болатын өлім-жітімнің төрттен үш бөлігінің алдын алуға болады!
Іс-шара барысында невролог Ырысты Сүтбаева қатысушыларға «Инсульттің бастапқы және қайталама профилактикасы. Мигрень» тақырыбында презентация ұсынып, барлық сұрақтарға жауап берді.
СӨСҚ орталығының дәрігер-әдіскер Гүлнар Сақанова қантамыр ауруларының алдын алу мақсатындағы дене шынықтыру жаттығулары бойынша практикалық дағдылармен бөлісті.
Дәрігер-әдіскер Гүлнар Турдунова «Тамақтану ҚЖА-ның басқарылатын факторы ретінде» атты баяндамасында ҚЖА дамуының ең маңызды қауіп факторы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Барлық қатысушыларға «Инсульт туралы не білу керек», «Тамақтану – ҚЖА басқарылатын факторы», «Темекі шегу туралы фактілер», «Көп отыратын өмір салты», «Тұзды тұтыну туралы не білген жөн» және т.б. тақырыптағы буклет, жаднама түріндегі ақпараттық материалдар таратылды.