2022 жылғы 10 қарашада ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының базасында 11-12 қарашада болатын «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: осы шақ және болашақ» XIV Халықаралық ҚРМҚ конгрессінің пре-конгрессі өтті.
Конгрессті Астана Медицина Университеті мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығы ұйымдастырады.
Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығы (ҚРМҚ) 2008 жылғы 2 қазанда ТМД елдері мен Еуропадағы қолданыстағы қауымдастықтар ізімен құрылды. Ол бедеулікті емдеумен айналысатын акушер-гинеколог, андролог, эмбриолог, генетик, психолог сияқты мамандардан тұрады. ҚРМҚ – Еуропалық адам репродукциясы консорциумының қауымдастырылған мүшесі.
Пре-конгресстің ашылуы және алғы сөз ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының директоры Рустам Албаевқа берілді. Аурухана директоры сессия модераторлары: м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Вячеслав Локшинге, м.ғ.д., профессор Александр Поповқа, м.ғ.д., профессор Талғат Құдайбергеновке және шақырылған спикерлерге алғысын білдіріп, осы конгрестің маңыздылығын атап өтті.
Қазіргі уақытта біздің Ауруханада эндометриоздың түрлері хирургиялық жолмен сәтті емделеді. Атап айтқанда, аденомиоз, аналық бездің эндометриоидты кисталары, эндометриоздың инфильтративті түрлері, жамбастың созылмалы ауырсынуы және басқа аурулар кезінде лапароскопиялық операциялар жасалады. Эндометриоз кезінде бедеулігі бар пациенттер сәтті емделеді.
Эндометриоз хирургиялық заманауи медициналық жабдықта емделеді, сондай-ақ робот-ассисттелген хирургиялық жүйенің көмегімен жасалады. Біздің клиниканың мамандары мұндай пациенттерді емдеуде жоғары біліктілікке ие. Қазақстандық клиникаларда, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердегі клиникаларда үнемі білім алады.
Конгресс Қазақстан халқының репродуктивті денсаулығының маңызды мәселелерін қайта көтеру, экстракорпоралдық ұрықтандыруды (ЭКҰ) қоса алғанда, қосалқы репродуктивті технологиялардың (ҚРТ) қолжетімділігі проблемаларын талқылау үшін дәстүрлі түрде қазақстандық және әлемдік жетекші сарапшыларды біріктіреді.
Конгресс барысында Аурухана базасында Алматы қаласының, Ресей және Грузия елдерінің жетекші мамандары жасаған операциялар тікелей эфирде көрсетілді.