ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой өзінің алғашқы жұмыс сапарын Медициналық орталық ауруханасынан бастады.
Алексей Цой аурухана қызметімен танысып, басшылықпен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.
Медициналық орталық басшысы сонымен қатар аурухананың жаңа объектілері – Ядролық медицина орталығы мен Емдік-диагностикалық блогын аралады.
Ядролық медицина орталығында радиофармацевтикалық препараттарды, оның ішінде біздің елімізде бұрын болмаған радиофармпрепараттарды өндірудің тұйық циклы құрылады және онкологиялық аурулар кезінде диагностикалық зерттеулер жасалып, кардиологиялық және неврологиялық ауруларды да ерте кезеңде айырып тануға мүмкіндік береді.
Медициналық орталығы ауруханасының жаңа Емдік-диагностикалық блогында күрделі ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу мен оңалтудың дербес тәсілдерімен 7 терапиялық бөлімше жұмыс істейтін болады. Медициналық қызметтер МӘМС, ТМККК шеңберінде де, ақылы негізде де қазақстандықтарға қолжетімді.
Жұмыс сапары барысында Медициналық орталықтың басшысы аурухананың жұмысы бойынша нұсқаулар мен ұсынымдар берді.