Басты бетМЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ АЗИЯ ХИРУРГИЯЛЫҚ УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ҚОҒАМЫНЫҢ (ASUS 2022...

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ АЗИЯ ХИРУРГИЯЛЫҚ УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ҚОҒАМЫНЫҢ (ASUS 2022) 5 КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ АЗИЯ ХИРУРГИЯЛЫҚ УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ҚОҒАМЫНЫҢ (ASUS 2022) 5 КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Директордың стратегиялық даму, ғылым және білім жөніндегі орынбасары Насрулла Шаназаров, серіктес клиникалармен өзара іс-қимыл орталығының басшысы Қайрат Қазбеков, қабылдау бөлімшесінің хирургі Нұржан Қылышбеков, хирургиялық бөлімшенің хирургі Тимур Ескендіров Азия хирургиялық ультрадыбыстық қоғамының (ASUS 2022) 5 конгресіне қатысты.

Ауруханадан 4 баяндама (1 ауызша, 3 постерлік баяндама) ұсынылды. Конгресс қорытындысы бойынша Тимур Ескендіровтің постерлік баяндамасы жүлделі орынға ие болды. Конгресс жұмысына Корея, Қазақстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия, Жапония, Филиппин, Камбоджа, Өзбекстан, Тайвань, Гонконг, Сингапур, Индонезия және т. б. елдерден 200-ден астам дәрігер қатысты.

МОА мамандары сапар шеңберінде Корея Республикасының бірқатар жетекші клиникаларына барды: Asan Medical Center, Severance госпиталі, Samsung Medical center, H+YANGJI клиникасы, сондай-ақ RF Medical медициналық жабдық өндіруші компания. Медициналық орталық ауруханасы бөлімшелерінің қызметі таныстырылды. Сапар барысында Аурухана мамандарына клиникалық тәжірибеде радиожиілікті абляцияға арналған жабдықты пайдалану бойынша тренинг өткізілді.

Клиникаларға сапар нәтижесінде қолданыстағы меморандумдар шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыру және әріптестік туралы меморандумдар жасасу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу қызметінің нұсқалары қаралды.