29 қазанда СӨСҚ орталығының «Мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу» денсаулық мектебінде Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне (World Stroke Day) арналған іс-шара өтті.
Орталықтың қызметкерлері Ауруханадағы амбулаториялық көмектің невролог дәрігерлерінің қатысуымен инсульттің қауіп факторлары бар, сондай-ақ біріншілік инсульт алған пациенттермен кездесу өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты пациенттерді инсульттің алдын алудың бірінші және қайталама шаралары туралы, қанайналым жүйесі ауруларының күрделі асқынуының алдын алудағы өзін-өзі басқарудың рөлі туралы хабардар ету болды.
Невролог дәрігер Ы.У. Сүтбаева «Ишемиялық инсульттің бірінші және қайталама профилактикасы» презентациясын ұсынып, «Монреаль шкаласы» (МоСА) арқылы, сонымен қатар когнитивтік бұзылыстарға арналған Mini-Cog скринингтік тестін қолдана отырып пациенттердің когнитивтік функцияларын бағалады.
СӨСҚО әдіскер дәрігері Г.Қ. Турдунова қатысушылармен «Тамақтану – қанайналым жүйесі ауруларының басқарылатын қауіп факторы ретінде» тақырыбын талқылап, пациенттерді презентациямен таныстырды.
Кездесу соңында пациенттерге ақпараттық материалдар – инсульттің алдын алу, тұздың зияны, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік туралы жаднамалар таратылды.