Басты бетҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫН ТАҒАЙЫНДАУ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫН ТАҒАЙЫНДАУ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫН ТАҒАЙЫНДАУ

index.jpg

2022 жылғы 31 қазанда Рустам Албаев ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының директоры лауазымына тағайындалды.

Ақмола мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Медицина ғылымдарының кандидаты және іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне ие. «Болашақ» сыйлығының стипендиаты.

Әр жылдары қалалық ауруханаларда хирург дәрігер, кардиохирург дәрігер қызметін атқарды, төтенше жағдай кезінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды. ҚР ПІБ Медициналық орталығының емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медицина мәселелері жөніндегі бас инспекторы болып  еңбек жолын жалғастырды.

2021 жылғы тамыздан 2022 жылғы қазанға дейін ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасын басқарды.