Балалар жылы аясында және ұлттық мереке – Республика күніне орай ҚР Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдары қызметкерлерінің балалары арасында «Ата-анамның мамандығы» тақырыбында сурет байқауы өтті.
Байқау жүлдегерлері ішінде Медициналық орталығы ауруханасы қызметкерлерінің балалары да бар.
- 6-9 жас тобында 1 орынды Меруерт Сахи иеленді (Шолпан Ералиева, учаскелік дәрігер-терапевт).
- 9-14 жас санатында 3 орын – Томирис Рахимова (Медет Рахметов, эндоскопист-дәрігер).
- «Көңілді сурет» номинациясы – Нұргүл Жұмағалиева (Самал Кәкенова, санитар-буфетші).
Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталып, өзге де қатысушылар естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Бүлдіршіндерге шығармашылықта табыс тілейміз!