Денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігі атынан келесі қызметкерлер марапатталды:
- «Еңбек ардагері» төсбелгісі – Тамара Мауль, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мейірбикесі.
-
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі – Денсаулық сақтау технологияларын бағалау және стратегиялық даму орталығының басшысы Андрей Авдеев, гипербариялық оксигенация бөлімшесінің меңгерушісі Балқия Әбдіқалықова.
- «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі – бас кардиолог Әлия Жолдасбекова, превентивті медицина бөлімшесінің меңгерушісі Жазира Тұңғышбаева.
-
Құрмет грамотасы – Серік Бидайбек, инженерлік-шаруашылық бөлімнің басшысы.
Алғыс хат – Ақерке Смайылова, күндізгі бөлімше меңгерушісі.
ҚР ПІБ жүйесіндегі мінсіз адал еңбегі үшін және Республика күніне орай Құрмет грамотасы тапсырылып, Алғыс жарияланды:
- Құрмет грамотасы – Ләйла Жұмабекова, қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі; кадрлар жөніндегі аға маман Зарина Орынбаева.
- Алғыс хат – Сәуле Қорғамбаева, №3 терапиялық бөлімшенің мейірбикесі және Талғат Оразов, роботталған хирургия орталығының басшысы.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен:
- Фарида Ержанова, Ғылым және кәсіптік білім беру бөлімінің бастығы; Ирина Божченко, қалпына келтіру емі және оңалту орталығының массаж мейірбикесі;
- Алғыс хат – Гүлнара Мансұрова, кіржуар меңгерушісі, Александр Землянский, рентгенхирургия бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы
Сонымен қатар азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі, мінсіз адал еңбегі үшін және Республика күніне орай 145 қызметкерге Медициналық орталық аурханасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары тапсырылды.
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтап, зор денсаулық және табыс тілейміз!