6-8 қазанда ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының проктолог дәрігерлері Фатима Борсова мен Григорий Яковенко «Ресей колопроктологтарының съезі» атты халықаралық қатысуымен өткен ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Съездің мақсаты – «Колопроктология» бейіні бойынша пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мүддесінде жаңа ғылыми және практикалық ақпараттармен алмасу.
Клиникалық бағдарланған және әдістемелік сипаттағы Ресей колопроктологтарының съезі «Колопроктология» мамандығын дамытуға бағытталған.
Конференция жұмысына колопроктологтар, хирургтар, онкологтар, гастроэнтерологтар, рентгенологтар, эндоскопистер, УДЗ мамандары, патофизиологтар, морфологтар және өзге де мүдделі мамандар қатысты.