Басты бетЖанғали Хамзабаевты еске алуға арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Жанғали Хамзабаевты еске алуға арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Жанғали Хамзабаевты еске алуға арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы директорының стратегиялық даму, ғылым және білім жөніндегі орынбасары Насрулла Шаназаров профессор Жанғали Хамзабаевты еске алуға арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Шара аясында Қазақстанда радиологияны дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Конференцияға Ресей, Өзбекстан, Германия және басқа елдердің радиологтары қатысты. Олардың көпшілігі академик Ж.Х. Хамзабаевпен жеке таныс болғандықтарын және қазақстандық радиологиялық қызметтің деңгейінің жоғары екендігін бірауыздан атап өтті. Сарапшылар еліміздегі радиологияның қазіргі даму тенденцияларын талқылай отырып, денсаулық сақтау саласында, әсіресе, өкпе аурулары, жүрек патологиясы, онкологиялық ауруларды емдеуде радиологияны қолданудың маңыздылығын атап өтті. Ғалымдар сондай-ақ Қазақстандағы ядролық медицинаны дамыту перспективалары мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Бұл күні сондай-ақ Астана медицина университетінде академик Ж.Х. Хамзабаев атындағы Ғылыми кеңес залының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жанғали Хамзабаев – радиологиялық қызметтің негізін қалаушы, сәулелік диагностика бойынша докторлық диссертация қорғаған алғаш отандық рентгенолог.