5 қазанда ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының базасында бірегей навигациялық электрофизиологиялық жүйені (ЭФЖ) қолдана отырып, жүрек ырғағы бұзылуының радиожиілікті абляциясы бойынша Самсун қаласының (Түркия) University of Health Sciences қауымдастырылған профессоры Осман Джан Юнтардың қатысуымен шеберлік сыныбы өткізілді.
Шеберлік сыныбында профессор Медициналық орталық ауруханасының аритмологтары Ринат Камиев және Шалқар Смағұловпен бірге пациенттерге бұрын жасалған радиожиілікті абляция және аритмияның қайталануынан кейін «Columbus 3D EP Navigation System, Microport» аппаратурасында екі сәтті операция жасады.
Қазіргі уақытта пациенттер бейіндік бөлімшеге ауыстырылды. Стационарда одан әрі тексеру кезінде тахикардия белгілері анықталған жоқ. Пациенттер жақын арада ауруханадан шығарылады деп жоспарлануда. 3 айдан кейін жасалған операцияны бақылау мақсатында тәуліктік Холтер мониторингін жүргізу ұсынылады.
Шеберлік сыныбы «Глобал Медикал» ЖШС компаниясының қолдауымен, MicroPort EverPace компаниясының Columbus навигациялық жүйесін қолдана отырып өткізілді, компания қажетті шығын материалдарын тегін ұсынды. MicroPort компаниясы – инновациялық медициналық технологиялардың жетекші халықаралық өндірушісі.