2022 жылғы 6-8 қазанда Астана қаласында «Қарқынды терапиядағы экстракорпоралды детоксикацияның заманауи әдістері: қолдану тәжірибесі және даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы, «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі және Республикалық экстракорпоралды гемокоррекция мамандарының қоғамы.
Форматы: аралас (онлайн / офлайн)
Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 80
Конференцияның мақсаты – тәжірибе қорыту және қарқынды терапиядағы гемокоррекцияның экстракорпоралды әдістерін дамыту.
Конференция жұмысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі В.Ю. Дудник, ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы С.Д. Кисикова, «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» РҚБ президенті Е. М. Миербеков, «Астана медицина университеті» КеАҚ өкілдері, экстракорпоралды гемокоррекция саласындағы жетекші мамандар мен сарапшылар, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Қазақстан нефрологтары мен анестезиолог-реаниматологтары қатысады. Конференцияға барлығы 100-ге жуық қатысушы шақырылды.
Конференцияның негізгі тақырыптары:
1. Ауыр науқастарға қолданылатын гомеостазды түзетудің экстракорпоралды әдістері. Ағза алмастырғышплатформалар.
2. «Цитокиндік дауыл», сепсис, бауыр жеткіліксіздігі кезінде сорбциялық әдістерді қолдану тәжірибесі мен көрсетілімдері.
Конференция шеңберінде пленарлық отырыстар, дөңгелек үстелдер, сондай-ақ экстракорпоралды гемоккорекция саласындағы дәрігерлерге, анестезиолог-реаниматологтарға, нефрологтарға арналған шеберлік сыныптары өтеді.
Конференция бойынша сұрақтармен хабарласу үшін: + 7 701 999 6551/ +7 702 214 0321