«Мұнымен тоқтап қалмай, әрдайым алға ұмтылып, жаңа асуларды бағындыру» – бұл ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының өртке қарсы жүйелер инженері Акмаль Әмірхановтың ұраны. Кәсіби емес спортшы ретінде ол бірнеше танымал шыңдарға көтеріліп, IRONMAN 70.3 Astana триатлонына қатысып үлгерген.
Спортшының айтуынша, шыңдарды бағындыру үшін мақсатқа ұмтылу, физикалық және психикалық денсаулық мықты болуы, сондай-ақ рух берік болуы қажет. Альпинизммен айналысу үшін адамда осы қасиеттердің барлығы болуы тиіс.
– Тауға деген сүйіспеншілігім 2020 жылдың жазында пайда болды. Карантин кезінде шекаралар жабылғандықтан, тауға көп шығатын болдым. Содан бері Пионер (4031 м), Амангелді (3999 м, 2 рет), Октябренок (3945 м, 2 рет), Хрищатый (3950 м) шыңдарын, Синай тауын (2285 м, Египет) және Комсомолец (4204 м) (Қырғызстан) шыңын бағындырдым. Тауға шығу – астарында көп нәрсе жатқан хобби. Ендігі жоспарымда жеті мыңдыққа көтерілу бар, – дейді Акмаль.
Кез келген маңызды іс сияқты, тауға шығу да мұқият дайындықты қажет етеді. Акмаль Әмірхановқа физикалық дағдылары мен төзімділігі IRONMAN 70.3 Astana триатлонынан халықаралық жарыстарда (жүзу – 2 км, веложарыс – 90 км, жүгіру – 21 км) көмектескен.
– Мен үшін ең қиын кезең веложарыс болды, өйткені жаттығуды жарысқа бір жарым ай қалғанда ғана бастадым. Сондықтан әлі жұмыс жасау керек тұстар бар, - дейді Акмаль. – Мәре сызығындағы уақыт – 6 сағат 47 минут. Бұл жарысқа алғаш қатысушы үшін жақсы нәтиже.
Сондай-ақ, Акмаль Әмірханов үш толық марафонға (42 км) және шамамен 10 жартылай марафонға (21 км) қатысқан.
Кәсіби спортшы болу міндетті емес, алайда өзіңді жақсы физикалық қалыпта ұстау, ең алдымен, денсаулыққа пайдалы дейді әріптесіміз.