Басты бет«Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» IX Халықаралық ғылыми-практикалық форумы

«Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» IX Халықаралық ғылыми-практикалық форумы

«Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» IX Халықаралық ғылыми-практикалық форумы
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының эндоскопист дәрігері Жеңісбек Тыңкөзиев «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» IX Халықаралық ғылыми-практикалық форумының жұмысына қатысты.
Онда Қазақстан мен шетелдің жетекші мамандары пульмонология мен сабақтас пәндердің диагностикасы мен емдеу практикасын талқылады. Ұйымдастырушылар – Еуро-Азия респираторлық қоғамымен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Респираторлық медицина мамандарының қауымдастығы.

Жеңісбек Тыңғозиев «Өкпе ауруы диагностикасындағы эндоскопиялық инновациялық технология» тақырыбындағы баяндамасында ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында өкпе және жоғарғы тыныс жолдары ауруларын пациенттің денесін кеспей анықтау жолдарын айтты.

- Бірегей эндоскопиялық диагностикалық операция – «Трансбронхиальды аспирациялық жұқа инені пункциялайтын эндобронхиалды ультрадыбыстық (EBUS TBNA)» біздің Ауруханада 2021 жылы жасалды. Бұрын бұл емшара тек шетелдік клиникаларда жасалатын, – дейді МОА эндоскопист дәрігері Жеңісбек Тыңғозиев. – Сондай-ақ, бұл технология Қазақстанда алғаш рет қолданылды. Қазіргі уақытта әлемде көптеген пациент бұл манипуляцияға жүгінеді, соның арқасында біздің әрекеттеріміз аз инвазивті және мүмкіндіктер барған сайын дәл және сенімді болады.